Мемлекеттік қызмет – елге қызмет

Дүйсенбі, 24 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 301 рет

 

Біздің мақсат-мүддеміз халыққа, мемлекетке адал қызмет етуге уақыт арнау. Кез келген мемлекеттік қызметші халықтың көз алдында жүрген соң, түрлі сынға ұшырайтыны анық. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, ең алдымен, адал қызмет, әділ шешім, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттер барлық мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуы тиіс деп ойлаймын.

Еліміздің даму бағыттары біздің қызметтерімізге байланысты айқындалады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі – әкімшілік кедергілерді азайту, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Сейілбек ШОЖИКОВ,

Қарабау ауылы округі әкімінің

бас маман салық инспекторы.