Мерекелі, берекелі жыл болғай!

Жұма, 28 Желтоқсан 2018 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 260 рет

Құттықтау

c51ac9a292ad8e6dd8a8d854679d173b-696x464

Құрметті қазығұрттықтар!

Жаңа 2019-жыл есік қағып, кіріп келеді. Өткен 2018-жыл несімен ел жадында қалды? Өткен жылға өкпе жоқ. Өйткені, ел тарихында елеулі оқиғалар, толағай табысымен тарихымызда алтын әріппен жазылып қалды.

Өткен 2018-жылдың еншісінде ел өміріне тың мән-мағына әкелген игі шаралар орын алды. Атап айтқанда, айбынды Астана қаласының 20 жылдығын ел болып тойладық. Облысымыздың атауы өзгеріп оның орталығы рухани Түркістан атанды. Шымкент өз алдына мегаполис болды.

Тауық жылы аудан жұртшылығы үшін елеулі еңбек, мерекелі жыл болып есте қалды. Тұңғыш рет Наурыз мерекесі облыстық деңгейде киелі Қазығұрт тауының баурайында дүркіреп өтті. Жыл бойы түрлі іс-шаралармен бастау алған ауданның 90 жылдығы да жоғары деңгейде тойланды. Аудан дихандары мен малшылары еселі еңбектің үлгісін көрсетіп, астық өндіруде облыс аудандарының көшін бастаса, малшыларымыз мал басын өз төлі есебінен көбейту, мал бордақылау жөнінде мал өнімдерін молынан өндіріп, мерейлері үстем болды.

Ал, көкөніс, бау-бақша өсірушілер де жоғары табысқа қол жеткізді. Құрылысшыларымызда ауданды құрылыс алаңына айналдырып, әлеуметтік нысандарды сапалы, әрі кестеге сәйкес аяқтап, ел алғысына бөленуде.

Білім, денсаулық, мәдениет және спорт саласында қол жеткен жетістіктер жетерлік. Ең бастысы, өткен 2018-жыл ел өмірінде тыныштығымен халықтардың өзара мызғымас достығымен, ынтымақ пен бірлікті нығайтуымен ел тарихында елеулі жыл болып жазылды.

 

Құрметті жерлестер!

Кіріп келе жатқан жыл иесінен қазақ халқы да үлкен үміт күтеді. Жаңа жыл әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекенің бірі.

Барша адамзат бұл күнді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген үлкен сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.

Жаңа 2019-жыл отбасыларыңызға құт-береке, өмірлеріңізге оң өзгерістер, шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, ел байлығын еселеуде екпінді еңбек, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Т.ТЕЛҒАРАЕВ,

аудан әкімі.

С.СЕҢГІРБАЕВ,

аудандық мәслихат хатшысының

міндетін уақытша атқарушы.