Аудан әкімі ардагерлерді құттықтады

Жұма, 04 Қаңтар 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 95 рет

Ізет

IMG 6081

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Төлеген Телғараев аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшелерімен кездесіп, оларды табалдырықты аттағалы отырған доңыз жылы мерекесімен құттықтады. Олардың алдында 2018-жылы атқарылған негізгі жұмыстарды баяндап, жаңа 2019-жылдағы жоспарларын бөлісті.

Ауданымыздың төбе биі Иса Телікбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаров және аталған кеңестің алқа мүшесі Құттыбек Жұмашев аудан басшысының атқарып отырған жұмыстарына, барлық мәселелерді ойлап, олардың шешімін табуына әрекет жасайтын зейінділігіне, ешбір нәрсені назардан тыс қалдырмайтын ұқыптылығына разылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Кездесу соңында аудан басшысы ардагерлерге отбастарыңыз бен немере-шөберелеріңді қуантыңыздар деп сый-сияпат көрсетті.

Құралбек ЕРГӨБЕКОВ.