Өз үлесімізді қосамыз

Жұма, 04 Қаңтар 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 48 рет

                                                                                             Біз қолдаймыз

                     

жастар1

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «2019-жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын» дегенде, көкіректерге үлкен үміт пен сенім ұялаған-ды.

Қазақстан Республикасының Президенті жастар мәселесін ешқашан бөлек қалдырған емес. Елдің келешегі, тәуелсіздік тұтқасын ары қарай ұстайтын, Елбасының ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын да жастар екені даусыз. Сондықтан да, Елбасы қашан да жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір Жолдауында жастарға үлкен ықылас танытады. 2019- жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы – өңіріміздегі жастар саясатына тағы да бір үлкен серпін берді. Біздің облыс жастарының потенциалы өте жоғары. Түркістан облысында 523 402 жас бар. Яғни, Түркістан облысының халық саны 1 991 351 адам болса, соның 26 пайызын жастар құрайды. Біз қазіргі таңда Елбасының алға қойып отырған мәселелерінің барлығын зерделеп, зерттеп, бірқатарын іске асыруды алдын бастап кеттік.

Елбасының Жолдауы – жастар үшін қашан да бір жолсерік іспеттес деп айтуға болады. Себебі Елбасы әрбір жолдауында нақты бағыт-бағдарларды, нақты межелерді бекітіп береді. Біз, жастар, Елбасының командасы ретінде әрбір айтқан тапсырмасын толықтай жүзеге асыруға өзіміздің бар күш-жігерімізді, білімімізді, біліктілігімізді сала отырып, Елбасының көздеген мақсаттарына жетуге өз үлесімізді қосамыз.

Түркістан облысының жастары Елбасының жолдауын әрдайым қолдайды, қуаттайды.

Береке Дүйсебеков,

Түркістан облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ның директоры