Бизнеске электронды қызмет көрсету

Жұма, 04 Қаңтар 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 206 рет

Жоба

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018-жылғы 10-қаңтардағы «Цифрлы Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауын талдай отырып, еліміздің ертеңі үшін дамыған 50 елдің қатарына кіріп, білімділігіміз бен біліктілігімізді арттыру мақсатында бұл Жолдаудың жылдағыдан ерекшелігі – биыл барлық саланың қамтылуы. Әсіресе, ауыл тұрғындарына, кәсіпкерлерге, ауыл жастарына ІТ саланың маңыздылығын түсіндіру және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге арналған қосымшаларын пайдалана отырып жұмыс жасау.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазығұрт аудандық филиалында кәсіпкерлерге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында компьютер орнатылған. Бұл жерден кәсіпкерлер өзіне керекті құжат, сұраққа жауап алуына болады. Яғни, «atameken services, cabinet atameken және qamqor» қосымшасы.

Atameken Services – қызмет көрсету алаңы.

Әр ауданда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында электронды сервистік қызмет көрсетудің «Atameken Services» жобасы іске асуда.

Енді, Түркістан облысы кәсіпкерлері «Атамекен» қызметіне қашықтан тапсырыс бере алады. Бұл сервисті қолдану үшін services.atameken.kz платформасына тіркелу қажет. Ол үшін кәсіпкер қажетті ақпаратты толтырып, телефон нөмерін көрсетуі тиіс, одан кейін арнайы код көрсетілген смс хабарлама келеді, сол кодты тергеннен кейін жүйе ашылады. Мұнда 9 бағыт бойынша 69 қызметті тегін алуға болады.

Atameken Services порталы тұтынушылар үшін кез келген уақытта қолжетімді. Бұл қолданушыларға қажет ақпаратты іздеудің қарапайым және тиімді әдісі.

Cabinet Atameken– қызмет көрсету алаңы.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету, кәсіпкерлерге қажетті 100 тегін құжатты осы жерден таба аласыз. Бұл сервисті қолдану үшін cabinet.atameken.kz платформасына тіркелу қажет. Бұл үшін кәсіпкер қажетті ақпаратты толтырып, телефон нөмерін көрсетуі тиіс, одан кейін арнайы код көрсетілген смс хабарлама келеді, сол кодты тергеннен кейін жүйе ашылады. Мұнда кәсіпкерлерге қажетті 100 құжат тегін алуға болады.

Qamqor қосымшасы: 2017-жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен кәсіпкерлерге арнап «Qamqor»ұялы қосымшасы әзірленген. Қосымшаның жаңашылдығы тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген QR кодты оқитын функционалы болып табылады. QR кодты сканерлеп, кәсіпкер тексеруші, тексеру мерзімі, түрі туралы және т.б. толық ақпаратты көре алады. Тексеру аяқталған соң, кәсіпкер қосымша арқылы бұзушылықтарды көрсетілген тексеру қорытындысымен таныса алады.

Егер, сізге тексеру келген болса, сіз сол немесе өзге мемлекеттік органның, СЭС, өрт сөндіру қызметі, салықтық тексеру және тағы басқа тексерулер заңдылығын тексере аласыз. Сіздің компанияңызға жоспарланған тексеру жөнінде алдын ала хабардар боласыз. Бұл мобилді қосымша IOS және Android үшін қолжетімді.Qamqor мобильді қосымшасы жұмыс істеу үшін: Қосымшаны өз смартфоныңызға орнату; Тексерудің тағайындалуы туралы акт нөмірін енгізіңіз; Тексерудің мәні, мерзімі және тағы басқа туралы ақпарат алыңыз; Бұзушылық жағдайда қосымша арқылы арыз-шағым жіберіңіз; Мобильді топ келіп түскен арыз-шағымды қарайды; Егер, тексеру негізделмеген болса, тексеру жойылады және тексерушілер жауапкершілікке тартылады.

Бұл жобалар кеңес беруші мамандардың қызметін онлайн режим арқылы алуға мүмкіндік береді. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында кәсіпкерлер тарапынан қандай да бір сұрақ немесе қиындық туындаған жағдайда, біздің кеңесшілер яғни, Акбар Ауданов және Сержан Мамытбеков қолдау көрсетіп отырады. Ауданымыздың кәсіпкерлерін бизнес саласындағы қызмет түрлерін электронды түрде алуға шақырамыз.

Ағымдағы жылдың 1-тамызынан бастап, іске қосылған бұл жоба арқылы бүгінгі күнге 400-ге жуық кәсіпкерлерге қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлердің айтуы бойынша, бұл өте ыңғайлы және уақытты үнемдеуге мүмкіндік бермек.

Б.АБУОВ,

Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы

Қазығұрт аудандық филиалының директоры.