Менің әкем – ардагер

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 101 рет

augan-1-1000x700

Осыдан 30 жыл бұрын кеңес әскерлері Ауған жерінен шықты. Ауған соғысы (27.12.1979-15.02.1989 ж.ж.) – КСРО Қарулы күштерінің Ауған еліне басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Қзақстанның Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар екен.

Менің әкем Жанысбаев Омар Орынбекұлы да ауған соғысының ардагері. Әкем 1969-жылы Сарыағаш қаласында туылған. 18 жасында әскер қатарына шақырылып, қанды соғыс ортасына түседі. Ол минометші болыпты. Әкем елге аман-есен оралады. Ол бізге соғыс туралы көп айтқысы келмейді.

Менің әкем нағыз сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Ол аспаздық мамандығын игерген, қолынан барлық іс келеді. Атап айтсам, электрмен дәнекерлеуші, электрик, сантехник, ағаш ұстасы, бағбан, фермер, наубайханашы, кондитер т.б. Әкеміз бізге сабақ орындауға ыңғайлы парта, аулада отыратын арқасы бар ұзын орындық, шөп турайтын құрал, нарды, темірден ою жасайтын станок, ас дайындайтын стол, оқтай-тақтай, елгезер және тағы басқа көптеген затар жасап береді. Мерекелерде пісірген тамақтары да өте дәмді, тіл үйіреді. Туған күндерімізде бізге тәтті торт пісіріп, бар ықыласымен ас әзірлеп береді. Менің анам Шұғыла Аманкелдіқызы әрдайым әкеміздің қас-қабағына қарап, қолдап отырады. Және «Мен нағыз жігіттің сұлтанын таңдадым» деп үнемі бізге айтып отырады. Біз әкемізді өте жақсы көреміз және мақтан тұтамыз.Біз үшін ол – дүниедегі ең жақсы адам.

Біз, бейбіт елде өмір сүріп жатқан нағыз бақытты ұрпақ емеспіз бе? Сол үшін жақсы білім мен тәрбие алып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосайық. Кішкентай жер шарында мәңгілік бейбітшілік болсын деп тілеймін!

Жанель ОРЫНБЕК,

Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің

7 «ә» сынып оқушысы.