Біз, жастар, Елбасымен біргеміз!

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 262 рет

b5fb817b26c22234830b2e96c4360681

Бүгінгі танда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының түп мақсаты халыққа арналғанымен, бізге, жастарға деген үлесі басым. Себебі Тәуелсіздік алғалы 27 жылдан астам уақыт өтті. Бүгінгі күннің жастары біздер Егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жеттік. Сондықтан болар, аталған мақаланың негізгі көзі бізге көп жауапкершілік жүктейді.

Мақалада көрсетілген орындалуы керек міндеттердің бәрі дерлік – жастар алдында тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Ал, қазақстандық сананы жаңғыртудағы бірнеше бағыттарға тоқталсақ, бәсекеге қабілеттілік – ол жастардың ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге лайықты болуы, яғни бүгінгі танда жасалып отырған бағдарламалардың барлығы «Үш тілде білім беру», «Цифрлы Қазақстан», «Мәдени және конфессияаралық келісім» барша қазақстандық жастарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы деп білемін.

Екінші бағытындағы «Прагматизмді» «Ел боламын десең, бесігінді түзе» деген мақал аясында айтқанды жөн көрдім. Себебі ұлттық салт-дәстүрді, қазақтың ерте замандағы тұрмыс-тіршілігін балалардың балалық шағынан бастап бейімдеп тәрбиелеуіміз керек. Бүгінгі күнде батысқа еліктеп, жыртық шалбар, жалаң төс, кейбір ер азаматтар қыз мінезді болып, ұлттық құндылығымыздың әлсіреп тұрған тұсында прагматизмнің алатын орны ерекше. Прагматизм – ұстамдылыққа, қанағатшылдыққа, қарапайымдылық пен көрегенділікке тәрбиелейді.

Жастар батырлар жыры мен дастандарды жатқа біліп, Абайдың даналығын, Әуезовтың ғұламалығын, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлерін бойына сіңіріп тәрбиелеп өсіруіміз керек. Сонда ғана ұлттың дамуына кедергі келтіретін кертартпа тұстарын біліп өскен жеткіншек ұлттық кодты, ұлттық мәдениетті сақтап, жаңғырудың жаңа сатысына нық қадамдармен басатын болады.

Дамыған шетелдердің тәжірибесіне сүйенсек, дамудағы даңғыл жолдын негізгі бағдары – білімге басымдық беру. Білімнің салтанат құруы атты бесінші бағытында білім беру кезіңдегі жеткен жетістіктеріміз бен алдағы мақсаттар айқын көрініс тапқан. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде білім саласында қыруар жұмыстар атқарылды. Қазақстан әлемнің үздік жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып, қазақ жастарының шетелде білім алуы үшін «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырды. Шетелде білім алып келген «Болашақ» бағдарламасының алғашқы түлектері ел үшін әр салада еңбек етуде. Таяу он жылдықта технологиялық революцияның беталысына қарасақ, кәсіптердің жартысы жойылып кетудің алдында тұр. Қазіргі тандағы жаңартылған білім беру бағдарламасы да, мектеп оқушыларын бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, дәрістерден алынған білімдерін өмірде пайдалануға даярлау болып табылады. Бұған қоса, қазақ тілінің латын графикасына көшуде үлкен мәнге ие. Орыстардың «Кто владеет информации, тот владеет миром» деген нақыл сөзі ақпараттың қайнар көзіне қанық болуға үйретсе, ақпараттың 80 пайызы латын графикасында екені баршамызға мәлім. Қазақ елінің ертенің нақты тура болжай алған көреген көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының бұл бастамасын қолдап, жүзеге асыру жолында еңбек ететін боламыз.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы бағытын таңдай отырып, дамыған 30 елдің қатарына ену жоспарда тұр. Тарихтан бізге белгілі, ХХ ғасырда революциялық сілкіністердің болғанын білеміз. Елбасымыз мақалада көрсеткендей, эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.

Елбасымыз сананың ашықтығын зерденің үш ерекшелігімен көрсетті. Жастар заман ағымына байланысты жер шарының өзіңе қатысты аумағында, өз елінің айналасында не болып жатқаның түсінуі, жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің барлығына дайын болуға, жастарға өзгелердің үздік тәжірибелерін алып, озық жетістіктерін бойға сіңіруге шақырды.

Елбасының «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзінің мәні зор. Тіпті, бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық.

Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы әрбір міндеттері маңызды рөл атқарады. Шалалыққа бармас үшін әрбір қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек.

Елбасымыздың «Жас қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс» деген сөзі бізге үлкен сенім артады. Сол кемел келешекті жасайтындар, біз, жастар, Тәуелсіз Қазақстанымызды Мәңгілік елге айналдыру жолында бел шешпей еңбек етуге тиіспіз.

Айбек МОЛДАСАПАРОВ,

                                                         «Диқан» жалпы орта мектебінің мұғалімі.