Жаңартылған білім мазмұнына көшу – мақсатымыз

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 261 рет

                    

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

                                                                                       Н.Ә.Назарбаев

0111111

Қазақстанның қарқынды дамуында Елбасымыз өзінің әр жылы халыққа жасаған Жолдауларында білім саласын міндетті түрде қамтып, бағытымызды анықтап, жолымызды саралап келеді.

Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру – өмір талабы. Сондықтан, білім мазмұнын жаңартудың басты мақсаты – білім сапасын көтеру. Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны. Мұғалімнің міндеті – оқушыларға өз беттерінше еңбектенулеріне жағдай жасау, ал, басты мақсатымыз – жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу.

Елімізде қолға алынып жатқан білім реформасының да басты мақсаты осы. Нақтылап айтсақ, енді мектепте бұрынғыдай мұғалім 45 минут бойы сөйлеп, сабақты тәптіштеп түсіндірмейді. Ол тек, оқушының өз бетімен оқып-ізденуіне жағдай туғызатын болады. Я.А.Коменский: «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол – барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі», – дейді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-2017 оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Спиралды құрылым білім мен дағдылардың сыныптан сыныпқа ілгерлемелі дамуын қамтамасыз етеді. Яғни, білімнің қарапайым деңгейден күрделі деңгейге көшуі болып табылады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. Жаңартылған білім мазмұнына көшу кезінде бекітілген оқу бағдарламалары бойынша 7-сыныпқа «Өлкетану», «Туған жер», «Туған ел»бағдарламасы кіріктірілген, осы бағдарламаны іске асыруда мен «Ауылдық елдімекендердің атауының шығу тарихы» тақырыбында оқушыммен бірге ғылыми жұмыс қоғамақшымын. Курстың көздегені – оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік сезімге, қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу.

Е.ТҰРДАЛИЕВ,

«Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі.