Жастар Елбасыны қолдайды!

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 296 рет

«2019 – Жастар жылы»

 

Жуырда «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «2019 жыл – Жастар жылына» орай Қазығұрт ауданындағы белсенді 50 жас «Тау самалы» шаңғы базасына саяхатқа шықты.

            Осы саяхат барысында белсенді жастар өз идеяларымен бөлісіп, бірқатар мәселелер талқыланды.

021021021Бағлан МӘУЛЕНОВмемлекеттік қызметкер:

Кешегі Жастар жылының салтанатты ашылуы біз секілді жастарға үміт-сәулесін

сыйлады. Елбасы алдында еркін көсілген замандастарымыз ой-пікірлерін ашық жеткізіп, алдағы жоспарлары жайында сөз етті. Осыдан-ақ, жастарымыздың жалынды екенін аңғаруға болады.  Президент жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. 

         Қызылқия ауылы округі әкімі аппаратының бас маман-жер инспекторы қызметінде мен ең алдымен адалдықты ту етемін. Отанымыздың жастарын салауатты өмір салтын ұстанып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау мен мүмкіндіктерді кеңінен қолданып, оларды тұлғалық дамуға жұмсауға шақырамын. Қоғам – маңызды институттардың бірі. Білікті де білімді, дені сау тұлғаларға толы қоғам – елдің көркі мен болашағының негізі деп есептеймін!

Қымбатты қазақстандықтар, 2019 жыл – Жастар жылы құтты болсын! Осы жыл аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға белсенді қатысып, өзіңізді дамытып, халықтың жалпыұлттық дамуы мен ұлағаттылығына үлес қосатындарыңызға кәміл сенімдімін.

22225225Ақарыс РҮСТЕМОВспортшы:

                                                                                                

–   Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен

айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың – жаны сау», – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер – осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан, біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.

Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Осы тұрғыда мен аудан жастарын спортпен шұғылдануға шақырған болар ем.

Айбек МОЛДАСАПАРОВмұғалім:

252541

                                                                                  

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 2019-жылды ресми түрде «Жастар жылы» деп жариялауымен көптеген іс-шаралар жүзеге асуда. Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты шарада жастар жылында атқарылуға тиіс нақты бағыттарды айқындап берді. Сол бағыттардағы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының айқындылығы жоғары. Жастарға туған жерін тануға, ауылды жердегі жастарды қолдауға, ауылға жас мамандарды тартуда жастар үшін жасалып отырған жақсы қадамдар үлкен қолдау деп білемін.

51095846 1421799827957301 2752556871133954048 nЖуырда Қазығұрт ауданы әкімдігінің тікелей бастамасымен «Біз жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты ұранмен Төлеби ауданы, Тау самалы шаңғы комплексінде спорттық іс-шаралар мен мәдени демалыс өткен болатын.

Бұл іс-шарадан біз жастар көп қуат алып, тың жобалармен, Елбасымыз нақтылап берген қадамдарды толық жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етіп, Елбасымыз артып отырған үмітін ақтайтын боламыз деп сеніммен айталамын.

Алдағы уақытта «2019 жыл - Жастар жылына» орай, «Тәрбие көзі салт дәстүр» атты көрініс, «Психологияның адам өміріне әсері» тақырыбы аясында аймақтық семинар-тренинг, «Рухани жаңғыру – болашақтың кепілі» атты интелектуалды жасөспірімдер арасында облыстық пікір-сайыс, «Ынтымағы жарасқан туған өлкем-Қазақстан!» атты «Жайдарман» ойындары, Ұлы жеңістің 72 жыл толуына орай аудан көлемінде еркін күрес, белсенді жастар арасында «Ауылым – алтын бесігім» атты ауыл форумы, «Өгем» тауынының бір шыңына «Жастар шыңы» атауын беру және облыстық конференция, Түркістанға тарту «Мың бұралған бишілер» атты би топтары арасында облыстық байқау, «Бақытты отбасы» аттыжас отбасылар арасында эстафеталық жарыс, Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында «Көкейдегі бар әлем» жобасы аясында «Жүрегім толы мейірім» атты тақырыптарда бірқатар жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған іс-шараларды өткізуді қолға алып отырмыз.

                                                                                           

                                                                                            Перизат СӘБИТХАНҚЫЗЫ,

аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы .