Өткен жылдың нәтижесі мол

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 39 рет

Аудан әкімінің есебі

51954167 2376413625701969 2668810102693167104 n

Жуырда аудандық мәдениет сарайында аудан әкімі Т.Телғараев аудан тұрғындарына өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берді. Оған ауыл округі тұрғындары, мекеме, ұйым, дербес бөлімдер мен құқық қорғау органдарының басшылары мен БАҚ өкілдері және Президент әкімшілігі аппаратының жауапты қызметкері М.Имандосов пен облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков қатысты.

Қорытынды кездесуде аудан әкімі Т.Телғараев өткен 2018-жылы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасады.

Баяндаманы талқылауға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаров, аудандық мәслихаттың депутаты С.Сеңгірбаев, «Қайып ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы. С.Ертаев қатысып, аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға оң баға берді.

Есепті кездесуде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков облыс көлемінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға шолу жасай келіп, Қазығұрт ауданында нәтижелі жұмыстар атқарылғанына көңілі толатынын жеткізді.

Кездесу барысында аудан әкімі Т.Телғараев тұрғындардан түскен сұрақтарға нақты жауап берді.

Аудан әкімінің тұрғындармен кездескен есепті кездесуі жоғары деңгейде өтті.

Ж.СҮЙЕУБЕКОВ.