Б.Сағынтаев: «Көппәтерлі үйлерде жер салығын алып тастауды ұсынды»

Жұма, 08 Ақпан 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 33 рет

   

8cf32c8898313331d653296af47d8646

 

 Ұлттық экономика министрлігі көппәтерлі тұрғын үйлердегі жер салығын алып тастау мәселесін қарастырсын. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

   Бақытжан Сағынтаев алдымен  Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне мүделі мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік органдарда қазіргі бизнес процестерді түбегейлі қайта қарау жөніндегі шараларды әзірлеуды тапсырды.

   «Ең алдымен қағаздан бас тартып, 2020-жылдан бастап толықтай электронды құжат айналымына көшу қажет.  Халыққа жүргізіліп жатқан реформалар туралы үнем ақпарат беріп, кері байланысты қамтамасыз етсін», — деді ол. Сонымен қатар Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне көппәтерлі тұрғын үйлердегі жер салығын алып тастау мәселесін пысықтауды тапсырды.

     «Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірге әлеуметтік төлемдерді есептеу және еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем түрінде оңайлату, жеке тұлғалар үшін жер салығы мен ондағы құрылысқа салынатын салықты жылжымайтын мүлікке салынатын бір салыққа қосу мәселелерін пысықтасын. Көппәтерлі тұрғын үйлерде жер салығын алып тастау мәселесін қарасын», деді Бақытжан Сағынтаев.