Мемлекеттік қызмет атқару абыройлы міндет

Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 101 рет

Мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл!

 

Бүгінгі таңда ветеринария бөліміне уәкілетті органнан бірқатар бақылау, қадағалау функциялары өткелі бір қатар жұмыстар атқарылды. «Мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл» іс-шарасына полиция қызметкерлерімен бірлесе 52 тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 40 тұлғадан аудан бюджетіне 913900 теңге айыппұл өндірілді. Қалған 12 тұлғаның ісі мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларға жіберілді. Тамақ өнімдерінің қаупсіздігін қамтамасыз ету, яғни, зоонозды ауруларды болдырмау мақсатында Алматы қаласында орналасқан Ұлттық референттік орталығы филиалына ай сайын ет сынамалары жеткізіліп, сараптамадан өткізілді. Тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, аса қауіпті жұқпалы аурулар соңғы 2 жылда тіркелмеген. Академик К.И. Скрябинның «Медицина адамды емдейді, ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөзін қолдай отырып, ветеринария саласында мемлекеттік қызмет атқару абыройлы міндет екенін айтқымыз келеді.

«Аудандық ветеринария бөлімі» ММ.