Гүл силайық аналарға!

Дүйсенбі, 11 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 43 рет

Құттықтау!

43f686e98b2dcf93b0286d9fe9d82552

Аса қымбатты ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер!

Сіздерді жыл мезгілінің   ең көрікті де көңілді мезгілі – көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Халықаралық     әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осындай жарқын мерекенің біздің барлық   үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Игі дәстүріміз бойынша   біз бұл күні сіздерге   ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі жүрекжарды тілектерімізді арнаймыз.

Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер жан жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!

Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол – мемлекеттік өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын белсенді қоғам мүшесі. Сондықтан, елімізде әйел атының әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін   арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Оған нақты дәлел, жуырда өткен « Нұр Отан» партиясының съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев көпбалалы аналармен, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасалатынын, әсіресе әр балаға төленетін   жәрдемақылардың анағұрлым өсіп, жалға пәтер, төменгі пайызда ұзақ жылға несие берілетіндігі, бұл әлеуметтік қолдаулар     үстіміздегі жылдың бірінші шілдесінен жүзеге асатынын қадап айтты.

Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыройға жетуіне аналарымыздың өлшеусіз үлес қосқаны ақиқат. Отбасының әр күнгі шаруасы, елімізде бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды атқара жүріп, аналар тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауда шешуші рөл атқарып келеді, атқара береді де.

Ардақты аналар, қаракөз қарындастар!

Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы болып келесіздер.

Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да құттықтап, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс, құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлы атып, күндеріңіз нұрға толсын!

Т.Телғараев,

аудан әкімі.

                                                                                                                        Ө.Көпеев,

аудандық мәслихат хатшысы.