АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Жұма, 05 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 236 рет

                        

 

 

Жастарды білім нәрімен сусындатқан, киелі қарашаңырақ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінде «Ашық есік күні» өтті.

           Университет үшін дәстүрлі болған бұл іс-шараға білім беру мекемелері – мектептерден оқушылар, колледж студенттері, мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. Оларды мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Гүлнар Үсейінова, кафедра ұжымы және заң факультетінің 3 курс студенттері қарсы алды. Іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде болашақ түлектер мен ата-аналар алдында заң факультетінің деканының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., профессор Уалихан Ахатов университет жайлы баяндап, білім ордасының жетістіктерімен таныстырды.

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі мен оқытушылары қонақтарды ҚазҰУ оқу орнына қабылдау ережелерімен, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен факультеттегі қоғамдық өмір туралы баян етті.

Сонымен бірге университетте экскурсия жүргізілді. Болашақ талапкерлерге өзекті презентация мен видеоролик көрсетілді, ұсынылатын мамандықтар мен дайындық бағыттары туралы ақпарат ұсынылды. Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тікелей жауап алды. Университетте оқудың болашағы мен тиімділігі, университет факультеттеріндегі мамандықтарды дайындау бағыттары, қабылдау ережелері туралы біліп, оқу кабинеттері мен зертханаларды көріп, факультет басшыларымен кездесуге мүмкіндік алды.

          ҚазҰУ қонақтары Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, «жастар интернет «орталығы, «Ай-Тұмар» қоғамдық тамақтандыру комбинаты, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, спорттық сауықтыру кешені, Әл-Фараби атындағы кітапханада, мұражай мен биологиялық мұражайда, Қазақстанның палеолит мұражайында, Қазақстанның көне және ортағасырлық археологиясы мұражайымен Шығыс мұражайында жәдігерлермен танысып, үлкен әсер алды.

Р.ЕРЕЖЕПҚЫЗЫ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Заң факультетінің аға оқытушысы.