ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ – ЖАҢАРУ ЖОЛЫ

Жұма, 12 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 205 рет

                                                  

Біздің міндетіміз білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын, сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан.

 

Әр дәуірдің өз міндеттері бар ,ал әр қоғамның онда өмір сүріп жатқан жандардың да алға қойған мақсат мүдделері армандарымен өмірлік ұстанымдары болады. Барлығы да мемлекеттің даму өзгеру бағыттарымен тікелей байланысты. «Оқу инемен құдық қазғандай», – деп Абай атамыз айтқандай, білім әр тұлғаның ақыл-ойымен, парасатын қалыптастырушы тірек және мемлекеттердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді, әрі ұзақ мерзімді cтратегия.

Ал, жаңа бағытта жаңартылған бағдарламаға сәйкес, білім беру үрдісі жеке тұлғаның дүние ағымы мен жан-жақты дамуына әкелетін жаңару жолы. Білім беру жүйесінде орын алып жатқан қарқынды өзгерістер, тың бастамалар, ұстаздардың өзін-өзі жетілдіру мен кәсіби тұрғыда дамуына үлкен қозғау салуда. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», – деп Сократ айтқандай, Егеменді еліміздің білім саласына өзгерістер енгізіліп, жаңа талаптар қойылып отыр.

Ал, өз кезеңімізде табысты болу үшін оқушыға білім қандай қажет болса, дағды да, сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Міне, бұл шәкірттің ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша, аудандық білім бөліміне қарасты «Болашақ» мектеп-гимназиясы, «Т.Рысқұлов» мектеп-лицейі, «Елшібек батыр», Жылыбұлақ, «Қызылата», М.Әузов атындағы, «Комсомол», Ө.Жамалов атындағы, Абай, П.Тәжібаева атындағы, «Жаңатірлік», Қ.Әбдәлиев атындағы, Қақпақ жалпы орта мектептерінен математика пәнінің 29 мұғалімі Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейінің базасында 2 апталық курстан өтті.

Білім беру жүйесінің реформасында әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің жоғары болуымен қатар, ғылыми негіздерінің берік игерілуін қамтамасыз ету. Оқыту әдістерін жетілдіріп, сабақта оқытудың белсенді түрлерін кеңінен қолдануға ерекше назар аударған.

Ұстаздарға «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАЙ «Басқару және білім беру саласы» кафедрасының аға оқытушысы, тренері Егембергенова Маржан Ыбырайханқызы жетекшілік жасады. Өзінің білімділік, біліктілік, ұйымдастырушылық шеберлігімен баурап алған М.Ыбырайханқызынан үйренер үлесіміздің үлкен топ тұғырында тұрғанын түсіндік.

Оқу бағдарламасы барысында ұстазымыз М.Ыбырайханқызы Егемен еліміздің болашақ тұлғасын тәрбиелеу мен білім беру жолында жаңашылдыққа жаны құмар ізденімпаз, бәсекеге қабілетті, дені сау оқушының бейнесін жасауда жаңаша форматтағы сабақтар өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын одан әрі дамыта, әрі үйрете отырып, үйретуге дағдылану, бағыт-бағдар беруде түрлі амал тәсілдерді қолдана білетін деңгейге жету – мұғалім, оқушы, ата-ана арасындағы қарым-қатынастың ынтымақтастығын құра алатындай жағдайға жету, бұл негізгі мақсат-маңызын мазмұнды мәлімдеді.

Мұғалімнің ең басты мақсаты әр ғылым саласына терең білім беру. Маржан Ыбырайханқызы лекция барысында математика пәнін жаңартылған білім беру бағдарламасында оқыту бойынша дәріс-тренингтер, критериалды бағалау моделін, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты жоспарлауды қалыптастырушы бағалау тәсілдерін дидактикалық функцияларды қолдану жоспарын, саралау тәсілдерін, «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарын оқу мен оқытудың белсенді тәсілдерін пән бойынша педагогикалық білім, жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын мақсат-міндеттерін осыған сәйкес, педагогикалық әдіс-тәсілдерді білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуде критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйретіп, тәжірибе жүзінде көрсетті.

Сабақ барысында М.Ыбырайханқызы тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, түрлі саралау жұмыстарын жүргізіп отырды. Берілген тапсырмаларды орындау барысында айтылған кері байланыстарында мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде негізге алатын 5 құжатпен. 1. Оқу бағдарламасы. 2. Оқу жоспары. 3. Қалыптастырушы бағалау. 4. Критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. 5. Жиынтық бағалау бойынша ұсыныстарға арналған тапсырмалар жинағымен жұмыс жүргіздік.

Әрбір сабағымыз «Пликерс», «Тарсия», «Ротация», «Сыдырма», «Сократ шеңбері» секілді тәсілдер арқылы кері байланыспен аяқталады.

Оқушының білім алуына бағытталған оқыту ортасын ұйымдастыру, ұстаздың кәсіби шеберлігінің дәлелі. Оқытудың түрлері мен әдістерін жетілдіру арқылы оқушыға тәжірибелік бағыт беріледі. Ұстаз үнемі өзі айтып түсіндіргеннен жетекші сұрақтар арқылы баланың өзін ойландырып, өз жауабын өзіне тексертіп отырған артығырақ. Ал, оқушы тіпті түсінбесе диалогтық сұрақтар арқылы жұмыс жасау тәсілдері де, жаңартылған білім беру бағдарламасындағы баланың бағын ашар баспалдағы.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дегендей ұстазымыз, әрі жаттықтырушымыз М.Ыбырайханқызының тобымызға жаңартылған білім беру бағдарламасын оқыту барысында әділ, білімді, білікті басшы, маман екенін білдік.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын оқу барысында ұстаздар арасынан «Комсомол» жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Пердебек Сатеевтің жұмыс жоспары жоғарғы деңгейде бағаланды.

Ғылым патшасының жаңартылған білім беру бағдарламасындағы бағыт-бағдарын түсіндіріп, әдіс-тәсілдерді тәжірибе талдауында жоспарлы жұмыс жасап санамызға сіңірген сапалы сабақ жоспарлары үшін жаттықтырушымыздың еңбегіне жеңіс пен жеміс тілейміз!

Өміржан ШАЛҒЫНБАЕВ,

Қазығұрт ауданы.