«Қоғамдық құқықтық және еңбек қатынастардан туындайтын даулар және еңбек дауларының алдын алу»

Жұма, 12 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 148 рет

 

Еңбек дауларының туындауының басты себептерінің бірі ол – жалақы мәселесі.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан Түркістан облысы бойынша 2018-жылы 4 мекемеде 466 жұмыскердің алдында 126,6 млн. теңге жалақы қарызы анықталып, мемлекеттік еңбек инспекторларының талабымен оның 82,9 млн. теңгесі төленген. Бүгінгі таңда 1 мекемеде 63 жұмыскердің алдында 39,8 млн. теңге көлемінде жалақы қарызы қалып отыр. Атап айтқанда, Сайрам ауданындағы «Stratus-Oil» ЖШС-нің 63 жұмыскер алдында 39,8 млн. теңге жалақы қарыздары қалып отыр. Бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жалақыны уақытылы төлемеу түріндегі еңбек заңнамасын бұзғаны үшін аталған заң бұзушылық орын алған мекемелерге мемлекеттік еңбек инспекциясы тарапынан 7 орындалуы міндетті нұсқама беріліп, 1,723 млн. теңге көлемінде 6 әкімшілік айыппұл салынған.

Жалақы қарызы мәселесі облыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссиясында және облыстық дағдарысқа қарсы штаб отырысында қаралып отырады.

Сонымен қатар Еңбекке ақы төлеу барысындағы диспропорция мәселесі де бүгінгі таңда күрделі мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасында алдында «кедендік бірлестік», кейіннен Евразиялық экономикалық бірлестігі құрылып, Қазақстан Республикасы соның беделді бір мүшесі болуына байланысты басқа түрлі елдермен келісімдер жасалынып жатыр. Әр келісімнің астарында шетелдік мекемелермен бірлескен жобалар пайда болып жатса, сол жобалармен қоса, шетел жұмыс күші де Қазақстанға ағылуда. 2019-жылдың өткен кезеңінде Түркістан облысының аумағында Шетелдік ұйымдар мен шетелдік азаматтар жұмыс жасайтын ұйымдарды тексеру барысында диспропорцияға жататын айырмашылықтар анықталмаса да, алдағы уақытта бұндай жалақы айырмашылығына қатысты мәселелердің көтерілуі әбден мүмкін.

2019-жылдың 1-наурызына Түркістан облысы бойынша шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 19 мекеме тіркелген. Бұл мекемелерде 6786 Қазақстан Республикасының азаматтары және 111 шетел мамандары жұмыс істеуде.

2018-жылы шетел қатысуымен тіркелген мекемелерді тексеру қорытындылары бойынша 29 заң бұзушылық фактісі анықталып, міндетті түрде орындау үшін 7 нұсқама берілді және 6 заңды тұлғаға 408850 теңге көлемінде айыппұл салынды (оның ішінде: «EVRASCON» АҚ құрылыс корпорациясының филиалы-жалақы қарызы бойынша).

Еңбек заңдылықтарына қатысты мәселелер туындаған жағдайларда, кез келген уақытта облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасымен, оның мемлекеттік еңбек инспекторларымен байланысуға шақырамыз. Мына төмендегі ұялы байланыс, жұмыс сым тетігімен хабарласып, түсінбеген сұрақтар бойынша мәлімет алуға толық мүмкіндіктеріңіз бар.

Байланыс тел: 8(72533) 71150, 87012802111.

Б.БИСАРЫ,

Мемлекеттік еңбек инспекторы.