Жер қойнауын өз бетінше пайдалансаңыз үшін жауапкершілікке тартыласыз!

Жұма, 12 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 61 рет

 

         Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне сай жер қойнауын пайдалану құқығын тек мемлекет тарапынан рұқсат беру арқылы келісімшарт жасалады, ал кей жағдайларда мемлекеттік органдардың тиісті рұқсаты негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан, пайдалы қазбаларды келісімшартсыз немесе мемлекеттік органдардың тиісті рұқсатынсыз өндіру заңсыз болып табылады.

         Пайдалы қазбаларды (шағал, құм, тас, топырақ және т.б.) өз бетінше өндіру салдарынан ірі залал келтірілген болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 334-баптың 1-бөлігімен қылмыстық жауапкершілік көзделген. Аса ірі залал келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекеттер осы баптың 2-бөлігімен, ал қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер 3-бөлігімен сараланып, жауапкершілікке тартылады. Мысалы, айыппұл көлемі 3000 АЕК дейін, қамау 50 тәулік дейін, ал бас бостандығынан айыру 5 жылға дейінгі мерзімге дейін жауапкершілігі заңмен қаралған. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын ақша және өзге мүлiк тәркілеуге жататындығын айтып кету керек.        

         Осы бағытта аудан аумағында жер қойнауын (шағал, құм, тас, топырақ т.б.) өз бетінше пайдалануға тосқауыл қою мақстатында, аудан әкімдігі тарапынан жұмыс тобы құрылған. Аталған жұмыс тобы арнайы іс-шара жоспарын бекітіліп, елді мекендердегі тұрғындардың иелігіндегі кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше заңсыз өндіруге мүмкіндік беретін қазу, тасымалдау техникаларын есепке алып, арнайы техника иелеріне заңсыз жер қойнауын пайдалану жұмыстарына қатысқан жағдайда құқықтық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ҚР Қылмыстық кодексiнің 334-бабын басшылыққа алып, жазбаша ескертулер берген. Әр бір ауыл округтерінде жер қойнауын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік беретін жерлерге ауыл округі әкімшіліктері арқылы кезекшіліктер ұйымдастырылған.

         Осыған байланысты, заңдылықты одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Қазығұрт ауданы әкімдігі азаматтарды құқыққа қарсы әрекет жасаудан алдын алуды және осы құқық бұзушылық үшін заңмен белгіленген жауапкершілік туралы ескертеді. 

         Егерде жер қойнауын өз бетінше пайдалану (шағал, құм, тас, топырақ т.б.)дерегі анықталған жағдайда, азаматтық борышыңызды білдіріп, бұл туралы шұғыл түрде ауыл округі әкіміне, учаскелік полиция инспекторына, жергілікті полияция қызметіне (102 телефонына) немесе аудандық кәсіпкерлік бөліміне (2-15-42, 2-17-19 нөміріне) хабарлауды сұранамыз.

С.НҰРМАНОВ,

Қазығұрт ауданы

                                                                                                 әкімінің орынбасары.