Мемлекеттік тарапынан көп балалы аналарға және аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы

Жұма, 12 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 155 рет

 

              Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы 2001-жылдың 17-ші шілдесі күні қабылданған. Заң 2002-жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енді.

               Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы 2005-жылдың 28-ші маусымында қабылданған. Заң 2016- жылдың 1-ші қаңтарынан бастап күшіне енді.

               Осы заңдарға сәйкес 2002-жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 2016-жылдың 1-ші қаңтарынан бастап он сегіз жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленіп келеді.

            2016-жылдың 1-ші шілде айынан бастап аз қамтамасыз етілген отбасыларға қосымша «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізіліп, 95 отбасыға барлығы 22,0 млн. теңге, ал 2017-жылға 1195 отбасыға 544 млн теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек шартты түрде әлеуметтік келісім-шарт негізінде тағайындалып, төленді.

          2018-жылдың 1-ші қаңтарынан бастап үш жәрдемақы, яғни, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, он сегіз жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылары біріктіріліп, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек түрі енгізілді.

       2018-жылы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен, яғни 14849 теңгеден (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан) аспайтын 2662 аз қамтамасыз етілген отбасыларға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, толығымен төленді.

Елбасының 27.02.2019 жылы «Нұр-Отан» партиясының кезекті XVIII сьезінде Үкіметке көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға қосымша көрсетілетін көмектер туралы нақты міндеттеріне байланысты 2019-жылдың 1-ші сәуірінен бастап,   жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке тағы да қосымша өзгерістер енгізілді.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына тиісті өзгерістер енгізіліп 1-ші сәуірден бастап күшіне енді.

     «Кедейшілік шегінің мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан                       Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.08.2017 жылғы № 290 бұйрығына 20.03.2019 жылы № 135 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

     Яғни, 2019-жылдың 1-ші сәуірінен бастап отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен, яғни 20789 теңгеден (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан) төмен көп балалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға тағайындалады.

  Сонымен қатар, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» 28.07.2009 жылғы № 237-ө бұйрығына 29.03.2019 жылы № 153 бұйрығымен өзерістер мен толықтырулар енгізілді.

   Яғни, жаңа өзгерістер мен толықтырулар бойынша 2019-жылдың 1-ші сәуір айынан бастап отбасының жиынтық табысына он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар, студенттердің стипендиясы кірмейді.

   Осындай жеңілдіктердің нәтижесінде аудан көлеміндегі көптеген көп балалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасылар мемлекет тарапынан жәрдемақылар алатын болады.

Н.ЖҰМАШОВА,

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі.