ЕЛОРДАНЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сейсенбі, 30 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 244 рет

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданы одан ары дамыту жоспарымен танысты. Қала әкімі Б.Сұлтанов Елбасыға елорданы одан ары дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспары жөнінде мәлімет берді.

big 9e000003b00cc89c
Елбасы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан ары дамыту ісін әлемдік тәжірибені және қала құрылысындағы заманауи тренд­терді ескере отырып, жалғастыру қажет­тігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев­ елорданы газбен қамту және қала көшелерін көгалдандыру үдерісіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, қала көшелеріндегі көлік жүктемелерін төмендету, жаяу жүргін­шілердің қауіпсіздігі, экологиялық проблемаларды шешу және Ботаникалық саябақты дамыту мәселелеріне баса мән берілді.