«Нұрасылхан» бөбекжай балабақшасы ашылды

Сейсенбі, 30 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 94 рет

Сол күні Жаңаталап ауылындағы «Нұрасылхан» бөбекжай балабақшасының ашылу салтанаты өтті. Шарада аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев пен сенатор Ә.Бектаев сөз алып, балдырғандар мен ұжымға деген ізгі тілектерін айтты.

44444444
Жас болса да, талай берекелі істің бастаушысы болып жүрген жеке кәсіпкер Ердос Нұржанов: «Бұған дейін 100 балаға арналған балабақша құрылысы қайта жөндеуден өтіп, қосымша ғимарат салынып, бүгінде 200 балаға лайықталып отыр. Біздің ұжымда 27 маман қызмет етуде. Ғимаратымыз заман талабына сай жабдықталған», – деді.
Ғазиза ҚОЙЛЫБАЕВА,
Жаңабазар ауыл округі.