Бірлік – достықтың киелі бесігі!

Дүйсенбі, 06 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 274 рет

Ауданның орталық алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік – достықтың киелі бесігі!» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Т.Телғараев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Көпеев қатысып барша қазығұрттықтарды мерекемен құттықтады.

аким

мейр

мей

– 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – жыл сайын атап өтілетін мемлекеттік мейрам. Егемендікке қол жеткізгеннен бастап ол берік достықтың, біздің халқымыздың ұлт пен дініне қарамастан ынтымақтастығының символына айналды, – деген аудан әкімі Т.Телғараев ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген түрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсетіп, «Алғыс хат» табыс етті.
Аталмыш шарада өзге ұлт өкілдерінің ұлттық билерінен театрландырылған композиция көрсетілді. Өзбек фольклорлық тобының аспаптық шығармасы, Рамиль Тазутдиновтың «Яратмусаң яратарсан» әні, «Таңшолпан», «Жұлдыздар» халықтық би ансамбльдері, «Балауса» би тобының билері көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Салтанатты жиын соңы мәдениет сарайының өнерпаздарының концертіне ұласты.
Асия СҮЙЕУБЕКОВА.