Электрондық қызмет – сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 274 рет

 

        

       Сот кабинеті жүйесімен танысу, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, сот жүйесіне деген қолжетімділікті және сот жүйесінде ашықтыққа қол жеткізу мақсатында, заманауи технологияларды қолдану арқылы «сот кабинеті сервисі» атты жаңашылдықты енгізген болатын.

Бұл жобаны қолдану үшін электронды қолтаңба арқылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сайтын қолдана отырып,  жұмыс істей аласыз.  Бұл қызметті пайдаланудың ең басты ерекшелігі – сотқа шағым, талап, арыз, өтініштерді, апелляциялық, жеке, кассациялық шағымдарды және бақылау тәртібінде істі қайта қарау туралы өтініштерді жазып, оны тіркеуде уақытты үнемдеудің мүмкіншілігі өте жоғары. Сервисті қолданушылар үйде немесе жұмыс орнында отырып, интернет желісі арқылы сотқа талап арызды бере алады, сот отырысы хаттамасын алу, азаматтық іспен танысу туралы арыздарын жолдай алады. Жоғарыда айтылған жобаның мобильдік қосымшасы да  жұмыс атқарады,

«Сот кабинеті» сервисі арқылы сот органдарына жолданған барлық электрондық құжаттарды мобильдік қондырғыға жүктеу мүмкіндігімен көруге, сот органына берілген құжаттардың қозғалыс статусын қадағалауға мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда әлемде заманауи технологиялардың дамуына байланысты, қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес, сот жүйесінің қызметіне және де басқа мемлекеттік жүйелерге, құқық қорғау органдарында жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің қажеттілігі туындады.

Қазіргі таңда сот жүйесінде «сот кабинеті» жобасынан бөлек басқа да жобалар жүзеге асырылған, атап айтсақ, барлық сот процестері бейне бақылауға алынып отырады, сот отырысының болатын уақыты мен мекен-жайы телефоныңызға хат арқылы хабарлама ретінде жіберіледі, болашақта, әрине, басқа жобалардың қосылатынын айта кетсек, қателеспейміз.

Технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, бюрократиялық кедергілерді жояды. Ал, бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша айқын және қолжетімді болуына мүмкіндік береді. Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған.

            Ендігі жерде еліміз жаппай цифрландыруға көшуіне байланысты, қағаз бастылықтан арылу үшін сотқа жүгінген барлық азаматтарда электрондық кілт болуы қажет.

Электрондық   қолтаңба деген не?

     Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦК) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі. Басқаша айтқанда, электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өз қолтаңбасына тең, әрі бірдей жауапкершілік артады. Ол біздің жазбаша қолтаңбамыз сияқты емес, сандар жиынтығы болып табылады.

Оны қайдан қалай алуға болады?

     ЭЦК берумен Ұлттық куәландыру орталығы айналысады. Порталда тіркелу қарапайым жеңілдетілген түрде жүзеге асырылған. Сіз қарайтын халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып, жеке басын куәландыратын кұжат, ЖСН болу керек,   оператор көрсеткен орынға – диск немесе флеш картаға немесе чип орнатылған жеке куәлікке сақтап береді, бірақ, кілтке берілетін паролді (123456) ұмытпауға тырысыңыз.

Оның тиімділігі және артықшылығы неде?

    ЭЦК-ның жарамды мерзімі – бір жыл. Электрондық қолтаңбамен жұмыс жасау қиындық туғызбайды және ол үшін арнайы білімнің қажеті жоқ.   Мемлекеттік органдардың электрондық кызметтерін өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта алу мүмкіндігі: тәулік бойы, аптасына 7 күн. Облыстық және республикасының мемлекеттік органдарының қабылдау бөлмелеріне электрондық өтініштерді беру мүмкіндігі бар. ЭЦК-нің артықшылығы – электрондық қолтаңбасы бар құжаттар керекті жерге жылдам жіберіледі.

 

Т. МУСАЕВ,

 Қазығұрт аудандық

 сотының бас маманы.