А. Таспиховтың өкілдері қызғұрттықтармен кездесті

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 110 рет

 

ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штаб өкілдері Қазығұрт ауданында болды. Қақпақ ауылындағы мәдениет үйінде өткен басқосуға 130 адам қатысты. Облыстық штаб басшысы Берік Бекжанов сайлаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, үміткердің сайлауалды тұғырнамасы мен өмірбаянын, еңбек жолын жиналған қауымға кеңінен түсіндірді. Онда қамтылған еңбек қауіпсіздігін сақтау, сыртқы және ішікі миграция жайы туралы келелі әңгіме қозғады.Сөз сөйлеген сенімді өкілдер еңбек адамының қоғамымыздың құныдылығы екенін және кәсіподақтар әрдайым еңбек адамының қорғаушысы екенін жеткізді.

Штаб өкілдері келген көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, бүгінгі қоғамдағы еңбек адамының рөлі мен орнын айқындады. Сондай-ақ, Берік Бекжанов еңбек адамының жалақысы, әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі кандидаттың ой-пікірлерін де ортаға салды.

Айта кетейік, осындай мазмұндағы кездесу Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында да жалғасын тапты. Жеке кәсіпкер Хамдамиддин Садировтың раушан гүл өсіретін жылыжайында болған 40 адам қатысты. Айта кетейік, 12 мың тұрғыны бар Тұрбат ауылында орналасқан бұл жылыжайда 50 адам жұмыспен қамтылған.