«Жауқазын» байқауы өтті

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 106 рет

    

                               

           Аудандық мәдениет сарайында мүмкіндігі шектеулі өнерлі жастардың арасында «Жауқазын» атты аудандық өнер байқауы ұйымдастырылды.    

           Байқауға қатысқан жігерлі жандар көпшіліктің көңілінен шығып, өнерлерін көрсетті.

     Байқауға аудандық білім бөлімінің әдіскері Бердібаева Сейсекүл, аудандық мәдениет бөлімінің әдіскері – Ешмұхамбетова Раушан, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің қосымша білім беру педагогы – Тастанбекова Ділбар төрелік етті.

       «Атбұлақ» жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Баймұрзаева Диана бас жүлде иегері атанса, қылқалам шебері бойынша «Ақбастау» жалпы мектебінің 8-сынып оқушысы Жаманқұлова Аружан   «Үкілі үміт» облыстық өнер байқауына жолдама алды.

     Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Жания ӨКТЕМОВА,

мәдениет сарайының әдіскері.