Кітапханашылар рухани жаңғыруға бағыттады

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 305 рет

Семинар

 

Жуырда С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Кітапхана – білім беру ордасы, ұрпақтың рухани сарқылмас қазынасы» тақырыбында аудандық семинар болды.

Алдымен аудандық білім бөлімі әдіскері Нұржамал Жорабекқызы мен мектеп директоры Бағила Әшірбекқызы сөз сөйледі. Кітапхана меңгерушісі Жандарова Шарипа «Абай жолы – рухани асыл мұрамыз» атты іс-шараны бастамас бұрын, Тұңғыш Президентіміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламамызды іске асыру мақсатында атқарылған жұмыстарды слайд арқылы толыққанды түсіндіріп өтті. Мысалы, ауқымды жоба – «Буккроссинг», «Лидер рейдер он», мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ұрпаққа ұлағаты, «100 ән, 100 кітап» жобасы жайлы жан-жақты айтып өтті. Оқушыларды Тұңғыш Президентіміздің биылғы жылды «Жастар жылы» деп атағанына байланысты «Жастар – біздің болашағымыз» атты әдеби композициясын   көруге шақырды. Мұнан кейін «Абай жолы – рухани асыл мұрамыз» тақырыбы аясында М.Әуезовтың «Абай жолы» төрт томдық кітабын балаларға насихаттау басталды. Әдеби поэзиялық сайыс үш топтан, 5 кезеңнен тұрды. Оған кітапханашылар («Ащыбұлақ» мектебі) Утегенова Гүлхан, («Алтынтөбе» мектебі) Меңсұлу Нақыпбекова, («Болашақ» мектебі) Назира Калекова қазылық етті. Қатысушылар «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындап, романның алуан оқиғасынан сахналық қойылымдарын қойды.                                                                                                                                                   Жеткіншектердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында                                                                        «Әдеби тосап», «Қатемен жұмыс», «Әдеби лото», «Өлең шумақпен жұмыс» ойыны ойналды.Сол топтар ойнап жатқанда залдағы кітапханашы апайларға сөзжұмбақ жасырылды. Ол Абай және Құнанбай деген сөз шығуы керек кесте еді. Апайлар тез және дұрыс тауып отырды. Мұнда Абай жолын көбі оқығанын білдірді.                                                                                                                                                     

Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық, мол жылдар» атты кітабын насихаттау үшін, 9-10 сыныптарға конференция сабақ өтілді.

– Кеңестік дәуірде ата-аналарымыз жас кезінде дүние жинау білмейтін, адамдардың бәрі кітап жинайтын, әркімнің өзінің жеке үй кітапханасы болатын. Қазіргі кезде ақпарат көздері көп, ал, кітап оқудың жөні мүлдем бөлек, – деді кітапханашы Зейнеп Сұлтанбекова.

Семинарда кітапханашылар Шарипа Жандарова, Салима Тағаева, Күлпан Абдрашева, Салтанат Жамашева белсенділік танытты.

К.ДҮЙСЕНОВА,

С.Сейфулин атындағы жалпы орта

мектебінің қосымша білім беру педагогы.