Кәсіпкерлермен кездесті

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 283 рет

Семинар

 

Қазығұрт ауыл округі әкімшілігінің мәжіліс залында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы семинар-кеңес өтті. Оған аудан орталығындағы салық төлеуші кәсіпкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесті Қазығұрт аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Н.Мүсіралиев жүргізіп отырды.

Семинар-кеңестің күн тәртібіне сәйкес «ҚР ҚМ МКК қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамытуды және деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйені пайдалануды ынталандырудағы (№241-VI «ҚР кейбір Заңнамалық актілеріне бизнес ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 02.04.2019 ж) ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы Кодексіне 2019-жылдың 1-қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер мен толықтырулар», «Чекті талап ет, жүлде ұтып ал!» акциялары жөнінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Әлібек Лесов, ҚР аумағынан ЕуЭО аумағына тауар экспортты ілеспе құжаттардың растау ережелерін және экспорттық бақылау кезінде өнімнің экспорты мен импаортын лицензиялау бағытын реттеу туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы Серік Жапашов хабарлама жасап, семинар-кеңеске қатысушыларға кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сайып келгенде, бұл ұйымдастырылып отырған семинар-кеңестің бағдарламасы салық төлеуші кәсіпкерлерге жаңадан енгізілген кейбір салық жүйелерін таныстыра отырып, осы жүйе арқылы өз жұмыстарын жүргізуге ықпал ету.

Семинар-кеңес барысында салық төлеуші кәсіпкерлер арасында туындаған сұрақтарға да нақты жауаптар берілді. Алдағы кезде де осындай семинарлар жиі-жиі өткізіліп тұрса деген өтініш-ұсыныстар да болды.

Ж.СҮЙЕУБЕКОВ,

Қазығұрт ауылы.