Салтанатты жиын ТҮЛЕКТЕР АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМЕН ҚОШТАСТЫ

Жұма, 31 Мамыр 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 287 рет

 

Мектеп оқушыларының мойнындағы жауапкершілік жүгі жеңілдеп, тағы бір оқу жылы артта қалды.  Ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы соңғы қоңырау мерекесі Қазығұрт ауданында да ерекше аталып өтті.

Қазығұрт ауданындағы 72 мектептен 1 649 түлек мектеп бітіріп, қияға қанат қағып отыр. Сап түзеген түлектер алтын ұяларымен қоштасып, ұлағатты ұстаздарына алғыс білдірді. Жас түлек үшін басты сынақ - Ұлттық бірыңғай тест. Білім додасына 1 649 түлектің, 1 555-і қатысуға ниет білдіріп отыр. Мектеп бітіру – адам өміріндегі ең үлкен, жауапты қадам. Бұл күні аудан әкімі Төлеген Телғараев Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп лицейіне барып, түлектерге сәт сапар тіледі.

     Аудан басшысы Т.Телғараев: «Алтын ұя мектебімізбен қоштасып, жаңа өмірге қадам басу ең үлкен, жауапты кезеңнің бірі. Осы қадамдарыңыз сәтті болсын! Ұлттық бірыңғай тестілеуді жақсы тапсырып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуларыңызға тілектеспін! Сіздерге сәттілік пен жақсылық тілеймін!», – деген лебізін білдіріп, оқуда озат спортта топ жарған бір қатар оқушылармен ұстаздарды марапаттады.
           Биыл Қазығұрт ауданында «Алтын белгіге» үміткерлер саны соңғы жылдарға қарағанда, арта түскен. Биыл, тау етегіндегі ел өрендері 88 алтын белгі, 64 үздік аттестат алады деп күтілуде.

«Қазығұрт – ақпарат»