Таңдау орынды болды

Жұма, 14 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 290 рет

 

Қай қоғамда болмасын жастардың алатын орны ерекше. Өйткені, жастар ел болашағы, елдің ертеңі. Сондықтан, жастарға көп үміт артылады. Оларға сенім де күшейеді. Сондықтан, кешегі 9-маусым – ел Президенттігіне үміткерлер арасынан таңдау жасалғанда Қазақстан жұртшылығы алдында абыройлы, өзі ісіне адал, қарапайым да, білімді де, білікті Қасым-Жомарт Тоқаевқа түсті.

Өйткені, Қ.Тоқаевта жас болған. Жастардың қоғамдағы алатын орнын жан-жақты бағалай білетін тұлға. Оған басты дәлел, Қ.Тоқаев өзінің «Twitter» парақшасында: «Билік пен қоғамның диалогын Қазақстанның дамуы және оның қуатын арттыру туралы сан алуан пікірлерді негізге алуы тиіс. Бұл – ұлт бірлігі мен ел тұрақтылығын күшейтудің басты жолы. Біздің жастарымыз білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал! Олар өз армандарына қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалады.

Бүгінгі игі істеріміздің барлығы жастарға арналған сынау, барды жоқ қылу – оңай, ал жасампаздықтың жолы – қиын. Ізімізді басқан жас буынға зор үміт артамыз. Бүкіл мемлекеттік жүйені қамтитын реформалар жалғасын табады», – деп жазғанын оқып, марқайып қалдық.

               Жастарға жол көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, алдыңғы толқын ағалар мен ел Президенті қамқорлық жасап жатса, жастар алмайтын қамал жоқ.

Жоғарыдағыдай батыл ой айтып, жастарды жақсы істерге жігерлендіре түскен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтан күткенімізде осы еді. Сондықтан, Президент сайлауында жастар өз таңдауын орынды жасап, бір ауыздан дауысты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа берді. Алдағы кезде жастар үміті ақталады деген сенімдемін.

Перизат ЫРСАЛЫ,

Жастар ресурстық орталығының директоры.