Ел сенімі ақталды

Жұма, 14 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 298 рет

 

Қазақстан халқы 9-маусымда ел тыныштығы мен болашағы үшін дауыс берді. Ел Президенттігіне үміткер 7 кандидаттың ішінде, бүкіл саналы ғұмырын еліміздің өсіп, өркендеуіне арнап, бойындағы қажыр-қайратын аямай, ерінбей тер төккен, талай лауазымды қызметтерде болып, өзінің білімділігімен, біліктілігі өз ұлтының бақытты өмір сүруіне арнаған, оны ісімен де, сөзімен де дәлелдеген Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа әу бастан ел сенім артқан еді.

Халық айтса, қалт айтпайды демеуші ме еді, кешегі өткен сайлауда Қ.Тоқаев үміткерлер арасынан оқ бойы озып, шын мәнінде ел Президентіне лайықты тұлға екендігін дәлелдеді.

Қ.Тоқаев өмірден көргені көп, көкейіне түйгені көп. Қарапайым халыққа не қажет екендігін, олар нені ойлап, нені армандайтынын жақсы біледі. Сондықтан, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында айтылған ой мен оралымды істер кімге де болса ой тастайды.

      Мен Үкіметке медицина саласы қызметкерлерінің мәртебесін көтеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын. Әкімдіктер бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізуі тиіс. Медицина саласы қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етіп, ауылға келген жас дәрігерлерді ынталандыру керек, – деп Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында айтқан еді.

Міне, мұның өзі ел сенім артқан үміткердің халықтың денсаулығын нығайтуға деген шынайы көзқарасын білдіреді.

Елдің байлығы – ол адам. Сондықтан, оның денсаулығы мықты болуы керек. Дені саудың – жаны сау. Салауатты елде береке, байлық болады. Міне, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халық денсаулығына тереңнен мән беріп, оған барынша ықылас танытып отыр. Елін ойлаған ерді, елі неге ойламайды. Сенген ел үміті ақталды.

Әбдіғани ҚИЛЫБАЕВ,

білікті дәрігер, зейнеткер.

Қазығұрт ауылы.