Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

Жұма, 14 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 306 рет

            

Жуырда Қазығұрт аудандық полиция бөліміне Өзбекстан Республикасы, Ферғана облысы, Қоқан қаласы, Өзбекстан ауданы, Короез боба ауылы, Обод көшесі н/үй тұрғыны «Э» есімді азамат арызданған. Өз арызында 06.06.2019-жылы сағат 05:40 шамасында Шымкент қаласы, Колос аялдамасынан жолаушы таксиі ретінде Ауди 100 маркалы автокөлігіне Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елдімекенінде шекара бекетіне дейін жолаушы ретінде отырып, Қазығұрт ауданы, Шарапхана елдімекені, Майлыошақ ауылында орналасқан «LOTUS» ЖШС-не келген уақытта қарама-қарсы бағыттағы 1 км шақырымдағы мал жайылымға автокөлік ішіндегі «О» есімді, «Д» есімді, «Б» есімді бұрын соңды таныс болмаған азаматтар алып барып, автокөліктен түсіріп, иығында тұрған қара түсті сөмкесін және оң жақ сұр түсті шалбарының қалтасында 68 500 теңгесін бір-екі рет іш тұсынан жәймен ұрып-соғып қорқытып заттарын ашық түрде тартып алғанын айтып көрсеткен. Сөмкенің ішінде «Э» есімді азаматқа тиесілі паспорты, құны 92 000 теңге болатын, «Redmi» маркалы ұялы телефоны 262 000 теңге ақша, күлгін түсті көзілдірік, қуаттағыш заттары болған.

06.06.2019-жылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін СДТТ-ге /ЕРДР/ №195140031000235 санымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабы 2- бөлігі 1,3 тармағымен қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Д.АСҚАР,

Қазығұрт АПБ ТБ тегеушісі полиция аға лейтенанты.