Арыстықтардың талап-тілегі тыңдалды

Жұма, 28 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 214 рет

аким 3

Бүгінде Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға Қазығұрт ауданында қолайлы жағдай жасалған. Ауданымыздағы 4 эвокуациялық пункттерге жайғасып, қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етіліп отыр. Аудан әкімі Т.Телғараев тұрғындардың жатақ жайымен, ас бөлмесін қарап шығып, өзге де қажеттіліктер жайлы арыстықтармен тілдесіп, өтініш-тілектеріне құлақ түрді.

аким 4

– Күн сайын сіздердің жағдайларыңызды біліп, жауапты азаматтарға нақты тапсырмалар жүктеп отырмын. Оны осындағы жауапты тұлғалар назарда ұстайтын болады. Қиын-қыстау күнде сіздерге қол ұшын созып, көмек беруге дайын тұратын ынтымағы мен бірлігі жарасқан қазығұрттықтар әр қашан қолдау көрсетеді, біз сіздермен біргеміз!, – деді аудан әкімі Т.Телғараев кездесу барысында.

«Қазығұрт-ақпарат».