Бұл мен үшін үлкен қуаныш, қос мереке!

Жұма, 05 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 230 рет

 

Менің атым Қуат. 6-шілде 2001-жылы Үшбұлақ ауылында дүниеге келгенмін. Мен өзімді бақытты санаймын. Өйткені, менің туған күнім Астана күнімен тұспа-тұс. Сондықтан, Астан тойы – менің де тойым.

Сарыарқа төрінен қоныс тепкен Астана аз ғана уақыттың ішінде әлем назарына іліккен көркем қала. Астана жөнінде шетелдік саяхатшылардың айтқан ыстық лебіздерін есітіп, алған әсерлері жөніндегі әңгімелерін тыңдап, бойымды мақтаныш сезімі билейді.

Мұның бәрі еліміздің өсіп, өркендеп қалыпты дамуының шынайы белгісі. Күнделікті құрылысы қарқын алып Астананың сәулеті бүгінгі заман талабына сай әсіресе, алып Бәйтерек алыстан көз тартады.

Өз басым Астана күні туғанымды әрдайым мақтан етемін. Сол күні туған күнімді тойлаймын. Бұл мен үшін үлкен қуаныш, қос мереке!

Қуат ӘКІМБАЙ,

Үшбұлақ ауылы.