Арысты жандандыру жұмыстары басталды

Жұма, 05 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 184 рет

 

       «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахан Әбілқасым, Арыс қаласына арнайы барып, жасалып жатқан жұмыстармен жақыннан танысып қайтты.

            Қазығұрт ауданы әкімі Төлеген Телғараев пен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы жауапты етіп бекітілген, Арыс қаласы, Сәкен Сейфуллин атындағы мектепте орналасқан №17 сектор штабында, аудан әкімінің орынбасары Нұрманов Серік, аудандық құрылыс және сәулет бөлімі басшысы Баймұрзаев Асылбек, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Қыпшақбаев Сағи бастаған ауданымыздың жастары жұмыла жасап жатыр. Штабта, ауданымыздың түрлі сала өкілдерінен 33 азамат, оның ішінде 25 жас ерікті қызмет атқаруда.

Соңғы мәліметке сәйкес, Арыс қаласы №17 секторда барлық үйлер саны – 464, көп қабатты үйлер – 4. Жарамсыз үйлер жоқ. Қазіргі таңда құжаттарын түгендеу, сметасын жасау жұмыстарықолға алынды. 25 тұрғын үйді жөндеу жұмыстары басталып кетті. Бюджеттік мекемелер саны – 5, 1 – мектеп, 2 – балабақша, спорт – 1, мәдениет нысандары – 1 бар. Сонымен қатар, тұрғындарға азық-түлік жағынан көмектер көрсетіліп, №17 секторға тиесілі көшелер тазалануда.