АСТАНА КҮНІ МЕН ҮШІН ӨТЕ ЫСТЫҚ!

Жұма, 05 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 86 рет

 

Астана – еліміздің мақтанышы. Оның жыл санап көркейіп, көріктенуін көріп, өз басым қатты масаттанамын. Астана туралы талай көркем фильмдер түсірілген. Соларды көріп, ондағы кейіпкерлердің өмірінен өзім көп мағлұмат алып, кейде өзімді солардың орнына қойып, ой кешемін. Неге деп ойлайтын шығарсыздар, оған себеп бар.

Мен Айжанар Талғатқызы Нәби 2001-жылы 6-шілде күні туылғанмын. Сондықтан, Астана күні мен үшін өте ыстық, әрі қуанышты. Қазір жасым 18-де. Жаңатұрмыс ауылында тұрамын.

Жыл санап ару қала – Астананың өсіп, өркендеп дамып келе жатқанын көріп, өзімді мақтаныш сезімі билейді.

Астананың аспанмен үндескен биік ғимараттары, гүлзарлары мен аллеялары кімді де болса бейжай қалдырмай, сұлулығымен өзіне жылылық сыйлайды.

Қазіргі таңда сұлулығы жөнінде Астанаға тең келер орта Азияда көркем қала жоқ.

Сондықтан, өзімді Астана күні дүниеге келгенімді елімнің сүйікті қаласы екендігін, әрі еліміздің бас қаласымен бірге өсіп, көркейіп келе жатқанымды мақтанышпен жеткізгім келеді.

Еліміздің жүрегіне айналып отырған ару қала Астанам, туған күнің құтты болсын! Осындай тыныштықты ту еткен ару қала бар қазағымның мақтанышына айнала берсін!

Айжанар ТАЛҒАТҚЫЗЫ.