Қош, балалар бақшасы!

Жұма, 05 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 230 рет

Ертеңгілік

 

       Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға аян. Осынау ертеңгі жастарымыз бүгінгі жас өскін емес пе? Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында әрдайым болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына аса мән берді. Н.Назарбаев: «Бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік ревалюция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа техногиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелетінімізді түбегейлі өзгертуде», – деген болатын.

     Жуырда «Болашақ» бөбекжай балабақшасында «Қош, балалар бақшасы» атты «Ботақан» тобында кеш өтті.

     Осынау іс-шараға балдырғандарымыз бен тәрбиеші апайларымыз қызу дайындықпен келгені көрініп тұрды. Сахнаның безендірілуі, қабырғадағы балабақша өмірінің қызықты сәттері, ертегілер елінің кейіпкерлері келген қонақтардың назарын бірден аударды.

     Әуен ырғағымен тербеле билеген ұл-қыздарымызды тәрбиеші апайлары Айдын Төребек, Камила Керімбаева, Дана Нарбекова алып шықты. Балабақша тәрбиеленушілері ұстаздарына деген өлеңдерін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жатқа айтты. Ұл-қыздарымыз испан, өзбек, ағылшын билерін нақышына келтіре билеп, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады. Бүлдіршіндер хормен «Балабақшам», «Ұстазым» деген әндерді орындап шықты. Кеште ұлымыз Тасыбек Ерасыл «Зерек бала» номинациясымен марапатталды.

     Ата-аналар қауымы перзенттерінің еркелігін көтеріп, оларға тәлім-тәрбие беріп, осынау қоштасу кешіне ерекше етіп дайындағандарына, білім нәрімен сусындатып, 3 тілді меңгертіп, сахна мәдениетіне баулығаны үшін барлық тәрбиеші апайларына алғыс білдіріп, бүлдіршіндер ата-аналарының үмітін ақтай берсін деген лебізін білдірді.

Ақерке ҚАЛШАБЕКОВА,

ата-ана.