Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек

Жұма, 05 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 90 рет

 

           Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді. Жас Мемлекеттің ірге тасын қалау, құру, қалыптастыру бағытындағы ең жауапты іс – мемлекеттік қызметшілерге жүктелді. Қай мемлекеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол саланың кәсіби білікті кадырлары – саланың заман талабына сай тез дамуын, уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткішін жасайды. Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы қызмет екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады. Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады. Имидж (ағылшынның image сөзінен) – тұлғалардың анықталған тобына эмоционалдық-психологиялық ықпал ететін, мақсатты бағытта қалыптастырылған (тұлғаның, ұйымның, көріністердің) бейне. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің жұмыс орындағанда жеке басының жауапкершілігімен, тәртібі мен қызметімен әрбір қоғам мүшесінің мемлекетке деген көзқарасы, сенімі қалыптасатынын жақсы түсіну тиіс.

«Өзің де жан – өзгені де жандыр» – деген ұлы қағидасы, әрбір мемлекеттік қызметшінің қағидасы болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Н.СЕРІКБАЕВ,

Қызылқия ауылы округі әкімінің

аппаратының Бас маман заңгері.