Шетелден үйге не алып келуге болады?

Жұма, 05 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 212 рет

 

Демалыс маусымына байланысты азаматтар шетелге демалысқа барады, ал үйге қайтып оралганда туысқандары мен достарына өздерімен бірге түрлі сыйлықтар әкегісі келеді. Дегенмен, біздің барлық азаматтарымыз жеке қолдануға қанша тауарлар импортталуы мүмкін екенін және қандай жағдайларда кедендік баж салығын төлеу керек екенін, декларациясыз қанша ақша төлеуге болады және импорт мөлшерінен асып кеткен жағдайда қанша кедендік төлемдер төлеу керек екенін білмейді.

Біздің еліміз Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болғандықтан, бұл жағдайда бажсыз тасымалдаудың бекітілген нормалары сақталуы керек.

Жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелуінің мөлшерлері

Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына кеден төлемдерінен босата отырып жеке пайдалануға арналған мына тауарларды әкелуге болады:

Әуе көлігі түрлерімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

Кедендік құны балама 10 000 еуро, және (немесе) жалпы салмағы 50 кг аспайтын

Әуе көлігінен басқа түрлерімен әкелінетін немесе жаяу ретінде жеке пайдалануға арналған тауарлар

Кедендік құны балама 500 еуро, және (немесе) жалпы салмағы 25 кг аспайтын

Одағының кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

1 календарлық айдың ішінде бір жеке тұлғның мекенжайына құны балама 500 еуро, және (немесе) брутто салмағы 31 кг аспайтын

Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған, тасымалдаушы жеткізетін тауарлар

1 календарлық айдың ішінде бір жеке тұлғаның мекенжайына құны балама 500 еуро, және (немесе) салмағы 31 кг аспайтын

18 жасқа толған бір жеке тұлғаға жеке тауарлардың бажсыз әкелуінің мөлшерлері:

  • алкогольдік ішімдіктер және сыра – 3 литрден көп емес;
  • 200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 грамм темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын.

Тауарлар жеке пайдалануға арналған тауарларға жатпайтын жағдайлар:

-          Тауарлардың өткізу жиілігі айында 1 реттен асып тұр;

-          Тауарлардың саны мынадай көрсеткіштерден асса.

Аң терісінен жасалған бұйымдар

Бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 1 (бір) зат

Ұялы телефон

Бір адамға 2 (екі) бірлік

Планшет

Бір адамға 2 (екі) бірлік

Тасымалданатын компьютер

Бір адамға 1 (бір) бірлік

Зергерлік бұйымдар

Бір адамға 5 (бес) зат

Велосипед

Бір адамға 1 (бір) дана

Бала арбасы

Бір адамға 1 (бір) дана

Бажсыз әкелуінің мөлшерлерінен асқанда асып кету бөлігінде кедендік құнынан 30 пайыз, бірақ салмақтың 1 киограмы үшін кемінде 4 еуро кедендік төлемдерді төлеп, кедендік декларациялау жүргізіледі.

Қолма-қол ақша қаражатын және жол чектерін әкелу мен әкету.

Кедендік декларацияға жатпайды: баламасы 10 000 АҚШ долларына тең немесе аспайтын сомасы.

Құрметті аудан тұрғындары осыған орай, кәсіпкерлік мақсатта немесе сатуға әкелінген тауарлар және тауар құны шекті сомадан асқан жағдайда, тауарлар міндетті түрде декларациялауға жатады және 320.00 және 328.00 үлгіде өтініштер табыс етіліп тиісті салықтар келесі айдың 20-на дейін төленуге жатады.

Г.АЛКАНОВА,

Қазығұрт ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасының бас маманы.