БАБАЛАР ЖОЛЫ – ДАНАЛАР ЖОЛЫ

Жұма, 19 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 67 рет

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 2018-жылғы 21-қарашада жарияланған «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жарасымды жалғасы деп бiлемiн. Онда қай халықтың болса да жылнамасына көз жүгiртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетiстiктерiнiң денi сол елдер қазiр мекен етiп жатқан аумақтарға қатыстылығын аңғарамыз. Бұл бiздiң Қазақстанға да тән, оған қажеттi деректерiмiздiң де жетерлiгi айтылған. 
Онда нақты дәйектерге сүйене отырып, жаһандану тарихтағы өз рөлiмiздi байыппен дұрыс пайымдауға тиiс екенiмiздi ескертiп, Ұлы даланың жетi қырын ашып бердi. Атқа мiну мәдениетi мен жылқы шаруашылығы жер жүзiне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгiлi екендiгiн, бiздiң дәуiрiмiзден бастап, құрлық жолдары болған Ұлы Жiбек жолы жүйесi мен түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдiк ғылым үшiн сенсация саналған «Алтын адам» талай тылсым құпияның бетiн ашқандығын еске салып, Ұлы даланың Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегiн мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шығарып дүниеге алып келген мекен екенiн айтып өткен. Сол сияқты мақаладағы көтерiлген мәселелер жан-жақты ой елегiнен өткiзiлiп, терең зерделеудi талап ететiндiгiн айта келiп, бiздiң дүниетанымымыздың, халқымыздың iргелi негiздерiне тiкелей қатысты бiрнеше iрi жобаларын жариялады. Олардың қатарында «Ұлы даланың ұлы есiмдерi» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшiлiк серияларын шығарып, «Түркi өркениетi түп-тамырынан қазiргi заманға дейiн» атты жобаны қолға алу қажеттiгi баса айтылды. 
Мақалада айтылған ойларды көпшiлiк назарына жеткiзу мақсатында мектеп әкімшілігі мен кітапханашы апайлар, ұйымдастырушы педагогтармен бірлесіп iс-шаралар жоспары жасалып, өткiзiлуде. Аудан, ауыл әкiмдiктерi тарапынан «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласын көпшiлiкке насихаттау бойынша құрылған ақпараттық топ мүшелерi түрлi деңгейде оқырмандармен кездесулер өткiзiп, мақаладағы қамтылған ойларды түгел қолдайтындықтары жөнiнде өз  ой-пiкiрлерiн            бiлдiрдi. 

Жалпы мақалада бабаларымыздың өз заманында жеткен жетiстiктерi мен технологияның жаңалықтары жiлiктеп түсiндiрiлген. Оқып шыққан адам осы кезге дейiн iстелiнген жұмыстардан алда iстелiнетiн шаруалардың көп екендiгiн, оған жаппай қолдау көрсетiп, жұмыла кiрiсу керектiгiн түсiнедi.             Ұлы даланың жетi қырымен толық таныса отырып, арғы тегiмiздi түгендеп, тарихымызды жаңғыртып, келер ұрпақ мақтанып айта жүретiндей жобаларды білім ошағында жүзеге асыруды қолға алу керек деген ойым бар.


Ақмарал ЖАМАЛОВА,

Қ.Өміралиев атындағы

жалпы орта мектептің мұғалімі.