Аудан орталығы күн санап көркейіп келеді

Жұма, 26 Шілде 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 77 рет

 

Жуырда ғана аудандық «Қазығұрт тынысы» газетінде Қазығұрт ауыл округінің әкімі Қайрат Садықовтың қазығұрттықтарға жолдаған Үндеуі жарық көрген болатын. Осынау Үндеуде: «Аудан әкімінің бастамасымен қазір Қазығұрт ауылының үйлерін әрлеуді, көшелерді абаттандыруды, көгалдандыруды қолға алып отырмыз. Әсіресе, бірінші кезекте Д.Қонаев көшесіндегі үйлердің қасбеттерін жаңарту қажет», – делінген болатын.

Бүгінде тек қана Д.Қонаев көшесі ғана емес, орталықтағы өзге де көшелерде, тұрғын үйлер мен жеке жайларда әктеп-сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталықтағы тұрғын үйлердің қасбеттері де жаңартылып, аудан көркіне көрік қосуда.

«Дәл осы жөнделген балалар алаңшасының қасбетін суретке түсіріп, өзгелерге үлгі ретінде көрсетсе ғой. Сонда аудан әкімі Т.Телғараевтың бастамасы мен Қазығұрт ауыл округі әкімі Қ.Садықовтың Үндеуінің байыбына бойлай алмай жүргендерге нақты көрнекілік болар еді», – дейді тұрғындар. Аталмыш алаңшаны қайта түрлендіріп, түлеткен, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың ықыласына бөленген қаржы бөлімінің қызметкерлеріне ауыл тұрғындары дән риза.

                                                                       Ғ.ТІЛЕУБЕРГЕНҚЫЗЫ.