Баланың тууын мемлекеттік тіркеу

Жұма, 02 Тамыз 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 562 рет

 

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексінің 59-бабына толықтырулар енгізе отырып, балалардың тегін «Неке және отбасы туралы» заңы, ҚР Үкіметінің 1999-жылы №620 қаулысымен бектілген «Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу туралы» ережесі халыққа қызмет ете отырып, неке-отбасы қатынастары бойынша қайшылықтарды реттеп отырады.

Жылдар өте қарыштап дамыған қазақ еліне неке-отбасы қатынастарын реттейтін арнайы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру қажеттілігі туындап, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексі заң жобасына ұсынылды. 2005-жылы ұсынылған бұл жобаның өзектілігі арнайы Мемлекеттің негізгі тірегі отбасын сақтау үшін ата-аналардың имандылыққа бет бұруына, баланың мейірімділік, адамгершілік, имандылық сынды құнды қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне, отбасылық құндылықтарды, неке мен отбасы институтын нығайту мен отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру мәселелері қамтылып 2011-жылы 26-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Неке ( ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі Елбасымен бекітіліп, 18-қаңтар 2012-жылы заңды күшіне енді.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексі неке-отбасы қатынастарын реттейтін құқықтық актілердің негізгілерінің бірі. Өткенге көз жүгіртсек, 1991-жылдың 16-желтоқсанында тәуелсіздік алған еліміздің Президенті Н.Назарбаев 1992-жылдың қаңтар айында сол кездегі ұлттық тарихи дәстүрге байланысты әкесінің немесе атасының атымен жазу туралы Жарлыққа қол қойды.

Баланың туу туралы өтінішті оның ата-анасы тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап 3 күннен кешіктірмей беруге тиіс. 3 күн мерзім өткеннен кейін баланың тууын мемлекеттік тіркеу белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды тіркеуші орган, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтары жүзеге асырады не ол «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ата-анасының тұрғылықты жері олардың заңды мекенжайына сәйке айқындалады. «Неке және отбасы туралы» кодексінің 194-бабына сәйкес, баланың тегі ата-аналарының тегімен айқындалады.

Ата-аналарының тегі әр түрлі болған жағдайды балаға ата-анасының келісімімен әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-аналарының тілегі бойынша баланың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, баланың әкесінің немесе атасының атымен жазылады.

Азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тілін жат ов, ев, ева,овна, евна, ович, евич, / жұрнақтары алып тасталып, олардың орнына жынысына қарай «ұлы», «қызы» жалғаулары бірге қосып жазылады.

Мысалы: Суннатов Дильмурат Нигматуллаевичтің орнына – Суннат Дильмурат Нигматуллаұлы.

       Кенжебекқызы Еркеназ деген жалғызілікті некеде тұрмайтын анадан туған ұлының тегі «Жумабек» деп жазылуы қажет.

Жумабекова Еркеназ Кенжебекқызы деп орысша-қазақша араластырып жазуға жол берілмейді.

Ұлты қазақ адамдардың әкесінің аты тегін ауыстырған кезде оның міндетті түрде бірінші болып тұруына, одан кейін атының жазылуына жол беріледі, ал әкесінің аты жазылмайды.

Мысалы: Калдарбеков Баймурат Муратовичтің орнына Муратұлы Баймұрат.

Жеке адамның тегіне «тегі», «ұрпағы», «немересі», «келіні», «шөбересі» деп және басқа сөздерді қосып жазылуына жол берілмейді.

Ж.ИБРАЕВА,

Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ саласының бас маманы.