Сенбілікте жастар да белсенділік танытты

Жұма, 02 Тамыз 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 284 рет

Жуырда «#Birge#TazaQazaqstan» акциясы аясында жалпы халықтық сенбілік өтті. Аталмыш акцияға Қазығұрт ауданына қарасты барлық ауыл округтерінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, бөлім басшылары мен мамандары қатысып, аудан, ауыл тұрғындары шөп шауып, арық-атыздар тазартылды. Қазақта «Туған жердей жер болмас» деген дана сөз бар. Әрбір азамат өзі туған мекенді таза ұстауға, туған жерінің қадір-қасиетін терең түсініп, елі үшін елмен бірге білек сыбанып, еңбек ете білуі әрбір қазақстандықтың азаматтық міндеті деп санаймын.

Себебі, «Таза болса табиғат, таза болар адамзат», – деген қағида бар, еліміздің тазалығын басты назарда ұстап, еліміздің көркеюі мен өркендеуі, мекеніміздің гүлденуі жолында талмай тер төге білуіміз қажет. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары да бұл шарадан тыс қалған жоқ.

М.КЕНЖЕЕВА,

Қарабау ауыл округі «Жастар ресурстық орталығы»

КММ-нің инспекторы.