АУДАНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Жұма, 02 Тамыз 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 318 рет

 

Табиғатқа қамқорлық жасау – әрбір адамзаттың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы. Жалпыхалықтық сенбіліктің негізгі мақсаты – қоғам назарын тазалықты сақтауға аудару, өскелең ұрпаққа тәрбие беру болып табылады.

Ауданымыздың көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны сөзсіз. «Табиғат тазалығы – халық саулығы» – демекші, Қазығұрт ауданында өткен жалпыхалықтық сенбілікке аудан әкімі Т.Телғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, Қазығұрт ауыл округінің әкімі Қ.Садықов, ауыл округінің тұрғындары, мекеме, ұйым қызметкерлері және БАҚ өкілдері де белсене қатысты.

Сенбілік барысында аудан тұрғындары ынтымақтың, бірліктің үлгісін көрсетті. Көше бойлары күл-қоқыстардан тазаланып, арық-атыздар шөптерден тазартылды.
           Алдағы уақытта да аудан аумағын тазарту жұмыстары жалғасын табатын болады.

Г.УСЕНОВА.