«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары

Жұма, 02 Тамыз 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 143 рет

 

Жуырда Қызылқия елдімекеніндегі жастарымыз «Жасыл ел» жалпыұлттық бағдарламасы бойынша жазғы демалыс кезінде әртүрлі бағыттар бойынша студенттік отрядтарда жұмыс істеп, елдімекендердегі жасыл аймақта, бау-бақшада көгалдандыру ісін қолға алды.

Әрбір жас өз халқының қадірін түсініп, мәртебесін өсіріп, патриот болуы керек. Олардың жүрегі үнемі «бәрі де Қазақстан үшін» деп соғып тұрғаны абзал. Өйткені, жастар – ұлтымыздың баянды болашағы, кемелді келешегі. Бойында рух пен жалыны тасыған жастарды дұрыс жолға салып, тәлімді тәрбие беру арқылы Қазақстанды дамыта аламыз.

«Жасыл ел» бағдарламасы табиғатты қорғап, экологияны тазартуға үлес қосуымен қатар, жастардың еңбекке деген құлшынысын арттыруға бағытталған. Жазғы демалыс кезінде студент­ жастар уақытты тиімді пайдаланып, ауылдар мен қалалардың ауасын тазартуға септігін тигізіп, өздері қаржы тапқаны, ол – үлкен жетістік.

Қызылқия ауыл округінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары қатарына келісім шарт бойынша «Бақжан» шаруа қожалығында алма, шабдалы, қызыл өрік жемістерін жеткізуде көмектессе, «Меруерт и Е» шаруа қожалығы, ТОО «Fresh line» (Фреш лайн), «Айнатас-ХХІ-ғасыр» өндірістік кооперативтерінде қызанақ, қияр, лимон, орамжапрақ көшеттерін өсіруде жастар да үлестерін қосуда.

Аталмыш шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтерде ерікті жастар да көмек беруде.

Шарофат АЛДАБЕКОВА,

Қызылқия ауыл округі

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы.