Жаңа жобалар іске қосылуда

Дүйсенбі, 19 Тамыз 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 463 рет

                               

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев халықтың тұрмыс жағдайымен әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлерге, жаңа жобаларға инвестиция салушыларға жергілікті атқарушы билік барынша жағдай жасап оларға жасалатын түрлі әкімшілік кедергілердің азаюына жол ашу қажеттігін баса айтқан болатын. Осы тұрғыдан алғанда аудандық кәсіпкерлік бөліміне ауқымды міндеттер жүктелгенін айтпасақ та белгілі. Сондықтан міндет үдесінен шығу үшін бөлім қызметкерлері үстіміздегі жылдың өткен 6 айында атқарылған жұмыстарына тоқталғанды жөн көрдім.

Ауданымызда бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 18 өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Осы кәсіпорындармен 2019-жылдың 6 айында 3417,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,9 % құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 380,1 млн. теңгеге артық өнім өндіріліп отыр. Өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын артуына Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы және аудандағы индустриалдық аймақтың үлесі мол.

Бүгінгі таңда, «Қазығұрт» индустриалдық аймақта жалпы, 13 гектар жер телімінде 2,3 млрд. Теңгелік 7 жоба орналастырылған. Одан: 4 жоба іске асырылған, 1 жоба Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019-жылдың қазан айында іске қосылуы жоспарлануда. («Асыл бастау.KZ» ЖШС-нің құны 602,7 млн. теңгелік, 20 жұмыс орнын құрайтын «Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығару» жобасы). 2 жоба 2020 жылға іске қосылуы жоспарланған.

Сонымен қатар, 2018-жылдың қараша айында кәсіпорын құрылтайшылары ауысып, зауыт ғимаратын непалдық миллиардер Бинод Чудхариге тиесілі Непалдың Chaudhary Group (CG Global ) корпорациясы сатып алды. Бұл кәсіпорын Қазығұрт ауданына «CG Foods Central Asia» ЖШС-гі атауымен қайта тіркелді. Бүгінгі таңда, қажетті құрал-жабдықтарды орнату үшін, кәсіпорын ғимаратының ішкі қабырғалары өзгертіліп реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Алдағы жоспары: жалпы инвестиция көлемі 6,8 млрд. Теңге, одан 2019-жылға 1,1 млрд. Теңге инвестицияға тез әзірленетін тағамдар шығаратын зауыт өндірісінің жаңғырту жұмыстарына жұмсалуда. 2019-жылдың тамыз-қыркүйек айларынан бастап жылына 1100 тонна тез әзірленетін 10 түрлі «Wai-Wai» маркалы кеспе өнімін шығаруды жоспарлауда. Өнімдер Қазақстан Республика аумағы және орта Азия елдеріне экспортталатын болады.

Ал, «Қазығұрт» индустриалдық аймағында орналасқан «Көрік ШҚ» ЖШС-ның алкогольсіз табиғи шырын сусындар (сок) шығару цехы маусымдық жұмысын бастап алма, алмұрт, жүзім және қызанақ өнімдерін келісілген бағада қабылдауды бастады.

Негізгі басымды бағыттардың бірі ауданға инвестиция тарту. 2019-жылдың 6 айында ауданға тартылған жалпы, инвестиция көлемі 8767,5 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,1% құрады. Одан бюджеттік емес жеке инвестиция көлемі 4667,2 млн. теңгеге жетіп, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 647,8 млн. теңгеге артып отыр. (2018-жылдың 6 айында 4,19,4 млн.тг).

Ауданымыздағы шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. Атап айтқанда, 2019-жылы ауыл округтерінен 32 шағын жобаларды іске асыру жоспарланып, 2019-жылдың 6 айында жалпы құны 443,7 млн. теңгелік 21 шағын жобалар іске қосылып, 104 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. (Сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері, балабақшалар, медицина орталығы, жиһаз дүкені, техникалық жөндеу орталығы, монша және т.б.).

2019-жылдың 6 айында жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 10454 бірліке жетіп, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 10125 бірлікті құрап, жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 96,9% құрады. (2019-жылдың жоспар 90,5%). Осы бағытта ауданымызда 11702 адам жұмыспен қамтылып, өндірілген өнім көлемі 24 634,8 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңіне 122,6% артып, отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында қаржы ұйымдары арқылы 2019-жылдың 6 айында 2860 тұлғаға 1881,8 млн. теңге несие берілді. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласы бойынша.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Қазығұрт аудандық филиалы арқылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2019-жылы ІІІ-топта кәсіпкерлік негіздеріне 120 адам оқытылып, сертификаттарын алды.

Оқытылған азаматтар бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы Түркістан филиалы арқылы 6 % несие алуға құжаттарын ресімдеп қаржыландырылуда.

Қосымша жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 18-29 жас аралығындағы 52 жас азаматтар өз кәсібін бастау үшін 6 % жеңілдетілген несие алуға 505,0 мың теңге қайтарымсыз грант алуға оқытылып жатыр.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін жалпы, 48 жоба қолдау алған болса, одан 2019-жылдың 6 айында 3 жоба қолдау алып, қосымша 16 жұмыс орны ашылды.

Атап айтқанда: Шарапхана ауыл округінен «Қазығұрт нұры» ЖШС-гі жылыжай шаруашылығын дамытуға алған несиесі субсидиялануда.

Жаңабазар ауыл округінен «АРТ Құрылыс» ЖШС-гі құрылыс саласына алған несиесі субсидиялануда.

Қазығұрт ауыл округінен ЖК «Zhakyp Ib» Тастанов Нұрсұлтан Жақыпұлы “Сулы дисперсионды бояулар шығару» жобасы конкурсқа ұсынылып, ӨҮК-нің шешімімен 3,0 млн. теңге мемлекеттік грант ұтып алды.

«Наурыз – Қазығұрттан басталады» атты жастар мен жасөспірімдерге сонымен қатар, облыстың тарихи орындарына жыл сайынғы дәстүрлі туристік жорықты ұйымдастыру бойынша наурыз, сәуір және мамыр айлары аралығында кәсіпкерлік бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы», Жас туристер мекемесімен бірлесе жастар мен жасөспірімдер арасында киелі орындарды кеңінен насихаттау мақсатында, облыстағы Арыстанбаб және Қ.А.Ясауий кесенелеріне, аудандағы Ысмайыл ата», Қазығұрт тауына, Ақбура кесенелеріне барып тарихтарымен жалпы 308 оқушы танысып қайтты.

«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Өгем филиалымен аудандық кәсіпкерлік бөлімі бірлесіп, экологиялық туризм саласы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумаққа шекаралас орналасқан елдімекендердің тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында 11 рет туристік-экологиялық сауаттылық сабақтары мен түсіндірме әңгіме лекциялары және аудан тарихын насихаттау мақсатында аудандық музейде «Музей түні» экскурсиясы ұйымдастырып өткізді.

Аудандағы туристік нысандарға төлқұжат орнату, жол сілтеуіш белгілер қою бағытында «Көктен ата» және «Есен-аман қалпе» кесенесі аумағына туристік төлқұжат демеушілер есебінен орнатылды.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер» бағдарламасы аясында, киелі мекендерді қадірлеп, таза ұстау мақсатында, «Кеме қалған» манументі, Ысмайыл-ата, Ақбура кесенелері аумақтарында да сенбілік ұйымдастырылды.

Қоғамдық тамақтану орындарында чектік және онлайн төлемдермен есеп айырысу жүйелерін ендіру бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Қазығұрт тынысы» және «Қазығұрт айнасы» газеттеріне «Түбіртек талап ет – жүлдені ұтып ал!» жалпы республикалық акцияға белсенді қатысуға және смартфон жүлдесін ұтып алуға шақырамыз» атты 10 маусым – 12 шілде аралығында өтетін акция туралы мақала жарияланды. Аудандық кірістер басқармасымен бірге ауыл округтарында жеке кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудан орталығында 1 семинар, ауылдарда 14 кездесу өткізілді.

Нәтижесінде, жыл басынан 33 онлайн кассалық аппарат орнатылды.

Н.ОНТАЕВ,

                                                   аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы.