Халық игілігіне қызмет ететін бағалы құжат

Дүйсенбі, 30 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 341 рет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында қамтылған әрбір нақты мәселе қоғам үшін зор манызға ие.
Бұл Жолдаудағы мәселелер негізінен билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі саяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыра отырып, қазақстандықтардың әлеуметтік тұрмысын арттырып, жақсарту, саяси реформаларды асығыстықа салынбай кезең-кезеңімен, табанды түрде жан-жақты ойластырып жүзеге асырылатыны жайлы кеңінен айтылып, алдағы атқарылатын нақты іс-шараларға тоқталып, айқындап атап өтті. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен кеңейтілген жиында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жан-жақты қолдау тауып талқыланды.
Жолдауда айтылған алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралардың барлығы да қоғам үшін, еліміз үшін аса манызды іс-шаралар. Соның ішіндегі білім беру саласына қарастырылған әлеуметтік женілдіктері, жас кадрларды қолдау мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету және еңбекақыларын көтеру шаралары жүзеге асырылатыны қуантарлық жағдай. Қазіргі таңда іске асырылып жатқан бағдарламалардың өз жалғасын табатынына сенімдімін. Жолдау халық игілігіне қызмет ететін бағалы маңызды құжат болып қалады. Аудандық білім бөлімінің басшысы Асан Уисимбаев Тілеубердіұлы ұстаздарға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жүктеген міндеттер мен тапсырмаларды қолдай отырып, халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жасап, насихаттау шараларын жүзеге асыру қажеттігін баса айтты.

Қанат ҚАЛДЫБАЕВ,
аудандық білім бөлімінің әдіскері.