Сот билігі – құқықтық мемлекет белгісі

Дүйсенбі, 30 Қырқүйек 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 121 рет

Құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000-жылғы 25-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл Конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты, елде сот – құқықтық реформаны одан әрі жетілдіру тұрғысынан болады. Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіп пен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі. Елімізде сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкілеттілігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тиым салынады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттілігін немесе сот билігінің функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот ісін қарау тәртібімен өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымдық немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республика Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдер мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі. Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып, құзыретті, тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Б.АЛТАЕВ,
Қазығұрт аудандық сотының
бас маманы, сот мәжілісі хатшысы.