Қамқорлық жасап келеді

Сейсенбі, 22 Қазан 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 139 рет

 

Өз басым көп балалы анамын. Оның үстіне жұмыссызбын. Балаларымның болашағы қатты ойландырады. Оларға киім керек, тамақ керек. Жылдан-жылға өсіп, олардың қажетін өтеу қиынға соғып келеді. Отағасы екеуіміз осыны ойлап бас қатырып жүргенде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік жағынан әлсіз көп балалы аналарға әрбір баласы үшін 21 мың теңге көлемінде атаулы көмек беру жөніндегі жарлығы біз сияқты көп балалы отбасылар үшін үлкен қамқорлық болды. Көңілімізге қуаныш ұялады, ертеңге деген сеніміміз артты.

Жанұяда жетеуміз. Арнайы комиссияның ұсынысымен бір жылға 1462848 теңге шартты ақшалай көмек тағайындалып, оның 731424 теңгесін алып, кәсіпкер ретінде салық органына тіркеліп, өз үйімнен азық-түлік дүкенін аштым. Оған қажетті мұздатқыш, сөрелер, стилаж сатып алып, бүгінде ауылдастарымның сұранысына сәйкес қызмет көрсетіп жатырмын. Құдайға шүкір, ісімізден үйімізге береке кірді.

Сондықтан, Мемлекет басшысына әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын көп балалы отбасыларға жасаған қамқорлығы үшін аналық алғысымды білдіремін. Бізде мемлекетке масыл болмай, игі тірлігімізбен елдің дамуына әлі-ақ, өз үлесімізді қосатын боламыз.

Жанар ӘЛІМБЕКОВА,

Қазығұрт ауылының тұрғыны, көп балалы ана.