Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 35 рет

                    

        

Жуырда Қазығұрт аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігімен  әкімшілік құқық бұзушы Е.-нің ісі қаралды.

           Іс бойынша құқық бұзушы Е., жұбайы А.-ны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана  жеңіл зиян келтірген. Әкімшілік іс медиатордын қатысуымен бітімгершілікке келіп, әкімшілік іс тараптардың татуласуымен қысқартылды.

Дауды шешу барысында тараптар өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында, олардың ерікті келісімімен медиатордың жәрдемдесуі арқасында медиация рәсімі іске асырылады. Медиация дауларды шешудің балама әдісі ретінде Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Испания, Дания, Швеция елдерінің тәжірибесінде кеңінен қолданылуда. Ал, біздің мемлекетімізде 2011-жылдың 5-тамызында «Медиация туралы» Заңының күшіне енуімен байланысты қолданылуда. Яғни, бітімгершілік заңының жүзеге асып жатқандығына 8 жыл болды.

Д.САРСЕНОВ,

Қазығұрт ауданы сотының жетекші маманы.