Медиация – бітімгерлік бірегей үлгісі

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 32 рет

                                               

Қазақстанда медиация институтының енгізілуін дамыту шеңберінде сотқа келуші тараптар арасындағы дауды медиация арқылы шешу, халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізу барысында медиацияға қызығушылық танытылуда. Осы орайда айта кетсек, аудандық және ауыл округ әкімі аудан аумағында кәсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.

Медиацияны жүргізу кезінде медиация тараптары қол жеткізген дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар қол қояды. Келісімде медиация тараптары, даудың (дау-шардың) нысанасы, медиатор (медиаторлар) туралы деректер, сондай-ақ тараптар келіскен келісімнің шарттары, оларды орындау тәсілдері мен мерзімдері және оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдары қамтылуға тиіс. Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді медиация тараптары ерікті түрде осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімде орындауға тиіс. Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар дауларды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы жолымен дауды реттеу туралы келісімді білдіреді. Аталған келісім дереу іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан қылмыстық процесті жүргізетін органға жіберіледі және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген жағдайларда қылмыстық қудалауды болдырмайтын не оны жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жай болып табылады. Дауды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді. Сонымен қатар,  медиациялық жүйе елдегі сотқа дейінгі және соттан тыс тәсілдері ретінде істің бітімгерлікпен әділ шешілуінің алғы шарты болып есептеледі.

А.СМАИЛОВ,

Қазығұрт аудандық

сотының бас маманы, сот мәжіліс хатшысы.