Мемлекеттік қызметкер болу – үлкен құрмет

Сейсенбі, 05 Қараша 2019 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 47 рет

 

Әлемдегі барлық елдердің даму жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлес салмағы ерекше. Республикамыз тәуелсіздік алған  жылдарда Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен мемлекетті қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды. Мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар жүзеге асырылып, оның жаңа үлгісі әзірленді. Қоғам мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын кәсiби қызметiне жұмсайды және өзiнiң ОтаныҚазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етедi деп, сенiм бiлдiредi. Сондықтан, оған деген үлкен жауапкершілікті әрбір мемлекеттік қызметші сезіне білу керек.

Сондай-ақ, Елбасының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрыстарының қалыптары регламенттелген мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданды. Ендігі кезекте мемлекеттік қызметшілер тек қызметкер ғана емес, халық арасында беделді және үлгі тұтатын тұлғаларға айналуы тиіс. Мемлекеттiк қызметшiлер – Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын қолдауға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, ҚР Конституциясын басшылыққа алуға, қоғам мен мемлекеттiң игiлiгiне қызмет етуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға, адал, әдiл, қарапайым да сыпайы болуға, Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға міндетті.

Мемлекеттік қызметкер болу – зор құрмет, сондықтан да кәсібилікпен бірге жоғарғы адамгершілік қасиеттерге ие болған абзал. Мемлекеттік қызметкер болуға үміткер адамдар халық алдында жауапкершілікті сезіне білуі үшін мемлекеттік қызметтің беделін көтеру керек. Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейтіні хақ. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің имиджін көтерукүрделі және ұзақ процесс. Бұл үрдіс атқарушы биліктің имидждік саясатымен пара-пар.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңды басшылыққа ұстана қызмет ету тек қана абырой биігіне қол жеткізеді. Сондықтан да әр қызметкер мейлі ол дәрігер, ұстаз немесе мемлекеттік басқару қызметінде болсын, өз ісіне жауапты болғаны абзал.

Н.СЕРИКБАВ,

Қызылқия ауылы округі әкімі аппаратының бас маман заңгері